Машина жасау - отандық өнеркәсіптің серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі. Елімізде өткен жылы машина жасау өндірісінің көлемі 1370 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 20,9% артты, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өндірісінің көлемі 41,2 млрд теңгені құрап, 381 комбайн және 895 трактор шығарылды. 2010 жылдан бастап осы бағыттағы өнім желісін кеңейту басталды. Ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне арналған аспалы жабдықтар мен техниканың түрлерін өндіру іске қосылды. Тракторлар мен комбайндар өндірісі артты.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бағытындағы негізгі кәсіпорын – «СемАЗ» ЖШС. Зауыт мамандары Қазақстанда алғашқылардың бірі болып дәнекерлеу мен бояуды қамтитын толық циклді автожинауды енгізді. Онда жұмыс Кореяның Daewoo Bus Global Corporation компаниясы автобустарын шығарудан басталды. 2006 жылы Семейде бұрыннан тұрып қалған арматура зауыты орнына автоқұрастыру өндірісі құрылды. Жобаға бастапқы кезеңде құйылған инвестициялар көлемі 9 млн АҚШ долларын құрап, оның ішінде 7 млн. өндірістік алаңды күрделі жөндеуге бағытталды.
Автоқұрастыру зауытында 300-ден астам жаңа жұмыс орнын ашылды. Республиканың қатаң климаты үшін арнайы әзірленген жаңа өнім - Daewoo Bus жаңғыртылған сериялы автобустар шығарылып, басқа да көптеген машина жасау бастамалары үшін алаңға айналды. Мысалы, «СемАЗ» ЖШС цехтарында бүгінде 25 тонналық Shacman және жоғары өтімді «Орал» жүк көліктерін, Foton аз тонналық жүк көліктерін құрастыру жұмыстары жүргізілуде. 2009 жылы «КазАгроФинанс» ұлттық компаниясы» АҚ бірлесіп қаржыландыруының нәтижесінде «СемАЗ» ЖШС Беларусьтың «Минск трактор зауыты» республикалық біртұтас кәсіпорнының ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыру желісін іске қосты. Бұл инвестициялық жобаға отандық инвестор 1,03 млрд теңге салды. Енді Семейде «Беларусь» тоғыз модификациялы тартқыш күші 0,2-ден 5 тоннаға жететін тракторлар шығарылады. Мұнда олар үшін түрлі аспалы жабдықтар да жасалады. Өндірістік қуаты жылына 3 мың бірлікті құрайды.
Семейде жиналған машиналар сұранысқа ие. «ҚазАгроҚаржы» ҰК лизинг шарттары бойынша автокөліктерді сатуды ұйымдастырып, зауытқа жүйелі түрде қолдау көрсетеді. Отандық тракторларды Ресей және Моңғолияның тапсырыс берушілері сатып алады. Бұл «темір тұлпарлар» - орман, коммуналдық шаруашылық, құрылыс және өнеркәсіпте таптырмас құрал.
Айта кету керек, зауытта тапсырыс берушінің қалауы бойынша кез келген түрдегі техниканы құрастыруға болады. Оған әр модельге сәйкестік сертификаттары дәлел болады. Зауытта шығарылатын автобустар мен тракторлар жыл сайын ҚР тәуелсіз сарапшыларының сынағынан өтеді. Зауыттың сапа менеджменті жүйесі ISO 9001: 2008 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған.
«СемАЗ» өнімдерінің жоғары сапасы елеусіз қалмады. 2010 жылы Қазақстанның автомобиль және машина жасау өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін «Алтын белгі» алтын медалімен марапатталды, 2018 жылы компания Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша иеленді. Алдағы уақытта «СемАЗ» ЖШС отандық құрамдауыштар, аккумуляторлар мен металл құрылымдарын өндірушілермен тығыз өндірістік кооперацияны жолға қоюды жоспарлап отыр. Бұл қазақстандық қамту үлесін, яғни Семей автомобильдері мен тракторларының бәсекеге қабілеттілік деңгейін айтарлықтай арттырады.
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Кеше
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Кеше
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Кеше
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Кеше
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Кеше
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Кеше
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар