Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Ақмола облысында тағы 5 адам індет жұқтырған

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ақмола облысында тағы 5 адам індет жұқтырғанын хабарлады.

Ақмола облысында тағы 5 адам індет жұқтырған

Вирусты жұқтырғандардың барлығы Целиноград ауданының Қараөткел кентіндегі бір үй ошағынан анықталды.

Олар — 1964 жылғы ер адам, 1991 жылғы әйел адам және 2011, 2014, 2019 жылдары туған балалар. Барлығынан сынамалар бұған дейін коронавирусты жұқтырған адаммен жақын байланыста болғаны үшін эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша алынды. Олар бекітілген хаттамаға сәйкес емделу үшін Көкшетау қаласының АОТҚД жіберіледі.

Үй ошағында эпидемияға қарсы іс-шаралар орындалды. Жақын және әлеуетті байланыста болған адамдарды анықтау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жұмыстары вирусты жұқтырғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша жасалады.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясымен жалпы 172 адам тіркелген, олардың ішінде 138 адам емделіп шыққан.