04 Қазан, 2013

Машина жасау ісіне маңызды көзқарас

3036 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қостанай облысында Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған жұмыс тобы болып қайтты. Сапар мақсаты – өңірдегі Индустрияландыру картасы нысандары жағдайы мен үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысу, проблемаларды талқылау.

Үстіміздегі жылдың екін­ші жартысында Қостанай об­лысында құны 31,8 миллиард теңге бо­латын 8 жоба өмірге жолдама­ алмақ. Оларда бо­ла­шақта 828 қостанайлық жұмыс орнын табады.

Қостанай облысында Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған жұмыс тобы болып қайтты. Сапар мақсаты – өңірдегі Индустрияландыру картасы нысандары жағдайы мен үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысу, проблемаларды талқылау.

Үстіміздегі жылдың екін­ші жартысында Қостанай об­лысында құны 31,8 миллиард теңге бо­латын 8 жоба өмірге жолдама­ алмақ. Оларда бо­ла­шақта 828 қостанайлық жұмыс орнын табады.Ә.Исе­кешев экономикалық маңызы үлкен бірнеше өндіріс орындарын аралады. Ол алдымен «Агромаш Холдинг» АҚ-та болып, осы өндіріс және «Сарыарка Авто­Пром» ЖШС шығарған «Ssang Yong», «Chance» және «Peugeot» автомобильдерін көрді.

Келер жылдың наурыз айынан бастап Toyota машинасы құрастырыла бастайды. Қазір оның цехтары дайындалу үстінде. Өндіріс басшыларының айтуынша, машина құрастыру саласында адамдарды осы кәсіпке үйрету, білікті мамандар дайындау ісі алдыңғы орынға шықпақ. Мұндағы екі жоба республикалық Индустрияландыру картасының аясында жыл аяғына дейін аяқталып, жүзеге асырылады. Әсет Исекешев Қостанайдағы машина жасау кластеріне жақсы баға берді.

– Өткен жылы ауылшаруа­шы­лық техникалары, жүк көлік­тері, жеңіл жүрдек көліктер түрі – барлығы 2 мың машина құ­рас­тырылса, биыл оның саны 8 мыңға жетті, келер жылы 20 мың болмақ. Ал бес жылдан кейін мұнда жылына 75 мың машина құрастырылатын болады. Осы кәсіпорындарда 2,5 мың адам жұмыс істейді. Алдағы мақсат ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, мүмкіндігінше өнімді экспортқа шығару, – деді Әсет Исекешев.

Ол сонымен қатар, Қостанайдағы «ЕвразКаспиан Сталь» зауытында болды. Зауыт құ­рылысы жыл соңына дейін аяқ­талмақ, ол қуатында жұмыс іс­те­генде жылына 450 мың тонна­ арматура өндіретін болады. Зауыт ішкі нарықтағы құрылыс кә­сіп­орын­дарын темір арқаулармен қамтамасыз етеді. Бұл құрылыс жұ­мысына ең қажетті, нарықта сұ­ра­нымға ие материалдың бірі екені анық. Жоба 18 миллиардтан астам теңгеге түсті. Зауыт құрылысы біткеннен кейін мұнда 350 адам тұрақты еңбек етеді.

Әсет Исекешевтің тағы бір тоқтаған нысаны – «БК-Строй» ЖШС-ның темір-бетон зауыты болды. Ашылғанына аз ғана уақыт болған зауыт жылына 30 мың текше метр темір-бетон плиталарын жасайды. Облыстың Индустрияландыру картасы аясында біткен маңызды өндіріс кәсіпорнының бірі болып саналатын бұл жобаның құны он миллиард теңгеге жуықтайды.

Нысандарды аралағаннан кейін вице-премьер Ә.Исекешев пен облыс әкімі Н.Сәдуақасовтың қатысуымен жиын өтті. Онда өңірдегі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарлама­сының жүзеге асырылу барысы сөз болды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.