Кино • 05 Маусым, 2020

«Қазақфильм» АҚ 1 миллиард теңгеге жуық қаражат алады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ екінші питчинг нәтижелері бойынша миллиард теңгеге жуық қаржы алады. Бұл туралы бүгін Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы хабарлады.

«Қазақфильм» АҚ 1 миллиард теңгеге жуық қаражат алады

Сәрсенбі күні, 3 маусымда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы екінші питчингінің нәтижелері бойынша мемлекеттік қаржыландыруды алған картиналар тізімі белгілі болды.

Ең ірі бенефициар жалпы сомасы миллиард теңгеге жуық он үш жобаға қолдау алған «Қазақфильм» киностудиясы болды. Сараптамалық кеңес және Ведомствоаралық комиссия мәжілістерінің қорытындылары бойынша қаржыландыруға мақұлдауды келесі жобалар алды: «Серикбол Кондыбай: воин духа», «Природа Казахстана: Устюртский заповедник», «Касым Джакибаев», «Өліара», «Алтын Адам», «Таутай-лақ», «Горячее озеро», «Самый долгий день лета», «Көше ақыны», «Рух», «Граната», «Возвращение моря» және «Номады XXI века».

Екінші питчинг нәтижелері бойынша қаржыландырылатын қалған 29 жоба жеке студиялардың күшімен түсірілетін болады. Оларды жүзеге асыру үшін бес миллиардқа теңгеге жуық қаржы бөлінеді.

Екінші питчингтің нәтижелері бойынша «ҰКҚМО» КЕАҚ киножобалардың бұрын-соңды болмаған санына бір мезетте қолдау көрсетті – қаржыландырылуды өтінген 223 ұсыныстың ішінен 42 картина қаржыландырылады.

 

АЛМАТЫ