- Қазақстанда әдебиет және өнер қайраткерлеріне, талантты жастарға мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында берілетін Тұңғыш Президент – Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясы 240-тан 660 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды, - деді Ақтоты Райымқұлова.
Сондай-ақ ол ғылым, мәдениет және өнер саласындағы дарынды жастар жыл сайын Тұңғыш Президент – Елбасы қоры премиясының лауреаты атанып келе жатқанын атап өтті.
- Ерекше мәртебесі бар мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарының профессор, оқытушылар құрамына лауазымдық жалақы мөлшеріне 1,75 коэффициенті сақталып отыр. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектеп және колледж педагогтерінің жалақысы жыл сайын 2023 жылға дейін 20 пайызға ұлғайып отырады, - деді министр.