«Министрлік тіл саласының үйлесімді дамуын көздейтін мемлекеттік саясатты іске асырады. Өзекті мәселелердің бірі қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру. Бұл жұмыс қалың жұртшылық пен сарапшылар қоғамдастығының қатысуымен жүргізілуде. Бүгінде ғалымдар, азаматтар тарапынан 40-қа жуық әліпби жобасы ұсынылды. Аталған жобалардың авторларын, жетекші ғалымдарды, филологтар мамандарды, тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, бірқатар кездесулер өткізілуде», - деді Ақтоты Райымқұлова.
Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына сәйкес кеңінен республикалық ашық талқылаулар, ғылыми сараптамалар ұйымдастырылды. IT мамандарының пікірлері тыңдалып, әріптердің Unicode стандарттарына сәйкес ескерілген пернетақта жобалары әзірленді.
«Күні кеше ғана Мемлекет Басшысы «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында атап өткендей негізгі ақпараттар латын графикасына негізделгендіктен, біздің балаларымыз жаңа жағдайға бейімделу керек. Қазақ әліпбиін жаңғырту қазақ тілінің коммуникациялық мүмкіндіктерін арттыру ниетінен туындаған», - деді А. Райымқұлова.