Аталған іс-шарада «Адалдық алаңы» жобасының мамыр айындағы қызметінің қорытындысы талқыланды.
Мәселен, колледж және жоғары оқу орындарының оқушыларымен онлайн брейн-рингтер өткізіліп, 1600-ден астам студент қамтылды.
Еліміздің 12 өңірінде «Адалдық алаңы» дербес телехабарлар құрылды, онда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және халық арасында парасаттылық қағидаттарының таралуы бойынша нәтижелері айтылады.
«Сапалы жол» жобасы шеңберінде 60-тан астам мониторинг жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша автожол құрылысы кезінде 100-ден астам бұзушылық анықталды.
Мамыр айында 42 әкімдік халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделі бойынша өз қызметін бастады.
Кеңес қорытындысы бойынша алдағы айға арналған жобалық тапсырмалар таныстырылды.