Коронавирус • 08 Маусым, 2020

Елордада COVID-19-ды тексеретін алғашқы зертхана ашылды

293 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елордада нақтылығы жоғары ПТР-скрининг арқылы халықты коронавирусқа тексеретін алғашқы модульдік зертхана кешені жұмысын бастады.

Елордада COVID-19-ды тексеретін алғашқы зертхана ашылды

Денсаулық сақтау минис­трлігі мен Нұр-Сұлтан қала­сы­на мобильділігі мен биоқауіп­сіз­дігінің жоғары деңгейі және зерттеу процесінің автоматтандырылуы арқылы ерекшеленетін бірегей зертхананы Болат Өтемұратов қоры тапсырды.

Қайырымдылық қоры меди­циналық зерттеулерге, зерт­ханалық талдауға арналған жаб­дықтар мен материалдар сала­сындағы әлемдік көшбасшы сана­латын BGI (ҚХР) компания­сынан жалпы сомасы 4 млн дол­ларға екі зертхана кешенін сатып алды. Екінші кешен Алматы қаласына орнатыла бас­тады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көл­гі­нов, қайырымдылық қорының құрыл­тайшысы Болат Өтемұратов және Қам­қор­шы­лар кеңесінің төрағасы Алмаз Шар­ман зертхананың жұмысын іске қосты.

1

«Болат Өтемұратов қоры тапсырған модульді зертхана кешендері корона­вирусқа тексерудің жылдамдығы мен қамтуын мейлінше көбейтеді. Қа­йырымдылық қорын инфекциямен күрестің алғашқы күнінен бас­тап Денсаулық сақтау министрлігіне көр­сетіп отырған қолдауы мен вирустың таралуын шектеу үшін қосып отырған қомақты үлесі үшін алғыс айтқым ке­леді», деді Денсаулық сақтау ми­нистрі Елжан Біртанов.

Зертхана келесі тұлғалар үшін те­гін скрининг жасайтын болады: жұ­мыс­сыздар, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жоспарлы түрде стационарға жататын науқастар, тыныс алу жолдары, эндокринді және жүрек-қан тамырлары ауруларымен тіркеуде тұрған 50 жастан асқан нау­қастар, эпидемияға қарсы күреске жұ­мылдырылған арнайы контингент –  волонтерлер, патруль қызметкерлері, қарттар үйі, интернаттар мен басқа да мамандандырылған мекемелердің және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері.

Зертхана ПТР талдаманың барлық циклын жасау үшін толық жабдықталған. Кешен тұтастай биологиялық материалды жинауға, сақтауға және зат таң­балауға, полимеразды тізбекті реакцияны қолдана отырып зерттеу жүр­гізуге арналған 42 технологиялық құ­рал-сайман мен құрал жиынтығынан тұрады. Зерттеу процессі толық автомат­тандырылған, бұл тестті жылдам әрі ма­мандардың аз қатысуы арқылы жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Зертхананың қуаты – тәулігіне 1000 талдау, кейін 5000-ға дейін көбейту жоспары бар. Тест нәтижесі үш сағаттың ішінде дайын болады. Болат Өтемұратов қоры әр зертхананы жедел іске қосу үшін 30 мың тест жасауға қажетті реагенттер жиынтығымен жабдықтады.

Кешеннің ауа тірегі құрылымы іш­кі цилиндрдің және ауаны сүзудің автономды жүйесі бар үш цилиндрлік үрленетін модульдерден (мембраналардан) тұрады.

Жүйе стационарлық зертханаларда да қол жеткізу мүмкін емес биологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қам­тамасыз етеді және Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес келеді. Өндірушінің ұсынысымен кешен жоғары тұрақтылық пен сақталуы үшін ғимараттың ішінде орнатылады. Нұр-Сұлтанда зертхананы орнату үшін «Қазақстан» СК, ал Алматыда «Атакент» көрме кешенінің бір павильоны таңдалды. Қажеттілік туындаған жағдайда зертхананың орнын бір аптаның ішінде ауыстыруға болады.

«Басты міндеттің бірі – COVID-19-бен ауырғандарды анықтау. Тә­жірибе көрсетіп отырғандай, инфекция жұқтырғандарда ауру белгілері байқалмайды. Карантин басталғанда қалада 1 ғана зертхана болса, қазір оның саны 6-ға жетті. Алдағы уақытта тағы екеуін ашамыз. Болат Өтемұратов қоры тапсырған ПТР-скрининг жасауға арналған зертхана кешені тест көлемін арттыруға мүмкіндік береді: індет ерте кезеңде анықталған науқастар дер кезінде медициналық көмек алып, олармен байланыста болған адамдардың саны едәуір азаяды. Көрсетілген қолдау үшін алғыс айтамын», деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

«Мобильді кешендер коммерциялық кешендерде коронавирусқа тест тап­сыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін тегін жұмыс істейтін болады. Бұл скрининг ауқымын кеңейтіп, ауруды ерте кезеңде анықтауға, асқыну қаупін төмендетуге және ви­рустың таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Осылайша мемлекет, бизнес және қоғамның бірлескен күшімен біз инфекцияны тоқтатып, оны жеңеміз»,  деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Бұған дейін Болат Өтемұратовтың қоры Қазақстанда алғашқы болып 200 млн теңгеге 94 мың экспресс-тест сатып алып, оны Денсаулық сақ­тау минис­трлігіне табыстаған болатын. Коро­навирусқа скрининг жасау­дан бөлек, Өтемұратов «Верный Капитал» компаниялар тобы арқылы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың бас­тамасымен коронавируспен күрес және халықтың әлеуметтік аз қам­тылған тобын қолдау үшін құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына 1 млн доллар аударды.