Әлеуметтік желідегі жұртқа бірнеше күннен бері азық болып тұрған тақырып – Шымкенттегі Жастар ресурстар орталығы шығарған бейнеролик. Талқылауға араласпаған адам кемде-кем десек артық айтпаспыз.

Желіге тіркелген, қолында смартфоны бар жұрттың біразы хабардар болғандықтан, даулы роликтің мазмұнын айтып жатпайық. Жалпы, жұрт онда насихатталған дүниені қолдайтындар мен қолдамайтындар болып екіге жарылды. Бейжай қарап отырғандар да бар, әрине. Қысқасы, бірнеше күннен бері оған әр түрлі қырынан үңіліп жатыр жұрт.
Қолдайтындардың пайымын түйіндеп айтсақ, дініміз бен діліміздегі ұстаным бойынша қазақ қыздары етегі шолтиған «юбка» кимегені жөн, осындай роликтерді көбірек шығару керек дегенге саяды. Қарсылар зайырлы қоғамда кім қалай киінсе де өз еркі дейді. Олардың пікірінше, қыз баланы көлігіне мінгізіп алып, киім киісіне сынауға, ақыл айтып мораль оқуға көлденең көк аттылардың ешқандай құқы жоқ.
Бейнероликтің бюджет қаражатына түсірілгені де дауды одан сайын ушықтырды. Factcheck.kz-тің хабарлауынша, Шымкенттегі ЖРО бұл бейнероликті нақты қанша теңгеге түсіргенін анықтау қиын. «...Себебі тендер ережесі бойынша орындаушы (жеткізуші) 5 ролик түсіруі керек. Жалпылама түрде 6,2 млн-ды ролик санына бөле салуға болады, бірақ бұл нақты бағаны бермейді. Әуелде тендерге 8 млн теңге бөлінген. Жеткізуші – «Таласов Серик Туребекович» ЖК қызметіне ең аз соманы, яғни 6,2 млн теңге ұсынып тендерді жеңіп алды. Келісімшарт жылдың соңына дейін жасалған, жеткізуші қызметті биыл 3 қазанға дейін орындауы керек. Қазір 6,2 млн теңгенің 3 млн-ы жұмсалған. Қанша бейнеролик түсірілгені белгісіз».
Белгілі заңгер Джохар Утебековтің айтуынша, бейнероликтің мазмұнынан заңға қайшы дүниелерді насихаттау байқалады. Заңгер бейтаныс еркектің қыз баланы көлігіне отырғызып, есігін жауып алғаны, киіміне қарап жезөкшеге теңегенін «ұсақ бұзақылық әрекет» деп бағалады, жолаушыға моральдық зиян шектірді деген пікір білдірді.
Жалпы, нәзік жандылардың ашуын тудырған, қоғамның басқа да мүшелерінің қарсылығына тап болған болған пікір иелері соңғы уақытта жиілегені белгілі. Соған қарай отырып, бірнеше қорытынды жасауға болатын сыңайлы. Қазіргі қоғам бұрынғыдай басқалардың көңіліне қарамай пікір айтатындарды көтермейді, өзімен санасуға мәжбүрлейді. Санаспаса, қоғам оны жазалауы да мүмкін. Бұл – бір.
Екіншіден, қоғамдағы кемшіліктерді бәз-баяғы әдіспен құрғақ ақыл айту арқылы түзейтін әдіс ескірді. Халықтың санасына басқа тереңдеу, жан-жақты зерттелген тәсілмен ғана әсер етудің жолдарын қарастырған жөн. Айтпақшы халықтың бюджет қаржысының қалай жұмсалғанына алаңдаушылығы күшейгенін де осы оқиға көрсетті. Бір анығы, жастарды таптаурын сценарийге құрылған бейнероликпен, құрғақ ақылмен тәрбиелеу мүмкін емес. Мұндай ролик бір тараптың ашу-ызасын туғызады, тіпті ерегестіруі де мүмкін. Ал екінші тараптың айызын қандырады. Қоғамның жақ-жаққа бөлініп қырылғаны емес, басқа нәтиже, нақты пайдалы нәтиже шыққанын қаласақ, мәселеге басқа қырынан үңіліп көрген жөн болар.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар