Әлем • 08 Маусым, 2020

ТАСС: Ресейде дизель төгіліп, төтенше жағдай жарияланды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Норильск ЖЭС-індегі ре­зер­ву­ар­­­­дың герметизация­сы салдарынан 20 мың тонна дизель төгілді. Оқиға орнында көлік болып, апат өртке ұласты. Өрт салдарынан, Норильск пен Таймырь аймақтарында төтенше жағдай жарияланды. 100 тонна мұнай жиналды деген ақпарат бар.

ТАСС: Ресейде дизель төгіліп, төтенше жағдай жарияланды

Краснояр аймағы үкіметінің вице-премь­ері Анатолий Цыка­лов апаттың ондаған миллиар­д рубль шығын әкел­ге­нін ха­бар­ла­ды. «Сондықтан қазір апат­тың себебін іздеумен қатар шығындарды азайту керек. Ком­па­ния қажет шараларды қол­ға алды. Мұнай өнімі одан әрі тө­гі­­ліп, маңайдағы Пясино көлі­не залал кел­меуі керек», дейді ол.

Басшылық ақаудың компания тарапынан емес қызмет етуші құрылымдардың олқылығынан бо­л­уы мүмкін деген болжам ай­тады. «Жақында жанармай құя­­тын құрылғылардың жұ­мы­сы тексерілді. Бізге қызмет көр­се­тетін бірнеше компания бар. Олар­­дың да жұмысы өндіріс үшін маңызды», деді А.Цыкалов.

Аймақтағы ауа райы апат сал­­­­дарын жоюға қолайлы болып отыр. ЖЭС жұ­мы­сына апат зиян келтірмеген. Өйт­ке­ні станса газбен жұмыс істеп, дизельді қо­­сымша күш ретінде пайдаланды. Стан­­саның электр қуаты – 440 МВт, жы­лу қуаты сағатына 1049 Гкал екен. Эко­логтер мұны экологиялық апат деп бағалады. Сонымен қатар бү­гін­гі жүр­гі­зіліп жатқан жұмыстардың Крас­но­яр аймағын құтқарып қал­май­ты­нын мә­лім­де­ді. Олардың ойынша, үлкен ш­а­ралар қа­былданбаса, келешекте салдары ауыр бол­мақ.