Осыдан дәл 58 жыл бұрын, яғни 1962 жылдың 21-27 маусым аралығында АҚШ-тың Толидо қаласында өткен әлем чемпионатында КСРО-ның грек-рим күресі шеберлері 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медальді олжалап, жалпы командалық есепте жеке-дара көш бастады. Екінші және үшінші орындарды Түркия (2 алтын мен 4 қола) мен Мажарстан (2 алтын) құрамалары иеленді. Тағы бір бас жүлде Жапония құрамасына бұйырды.

Аталған жарыс жайында біз бекер әңгімелеп отырған жоқпыз. Оның өзіндік себебі бар. 1904-1961 жылдар аралығында әлем чемпионатының жалауы 16 мәрте желбірегенімен, бірде-бір жерлесімізге сол бәсекелерде бақ сынау бақыты бұйырмаған еді. Ал дәл сол Толидодағы додада тұңғыш рет Қазақстанның күрес мектебінің түлегі өнер көрсетіп, нәтижесінде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол – Анатолий Колесов еді...
Анатолий Колесов 1938 жылдың 18 қаңтарында Қарағанды облысы Осакаров ауданының Есіл ауылында туып-өсті. Бозбала шағында күреске аңсары ауған ол Алматыға келіп, Қазақтың дене шынықтыру институтында шеберлігін шыңдады. Петр Матущактай білікті бапкерден тәлім-тәрбие алған балуан 1959 жылы Мәскеуде өткен КСРО чемпионаты мен КСРО Халықтары спартакиадасын ұтқаннан кейін алып мемлекеттің басты командасына қабылданды.
1962 жылы Анатолий әлем чемпионатына алғаш рет қатысты. Айтулы жарыста 78 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 24 жастағы жерлесіміз алты кездесу өткізді. Бесеуін ұтып, бір рет тең түсті. Даниялық Бярне Ансбоелге қарсы өткен финалдық сайыста көз ілеспес жылдамдықпен қатарынан үш мәрте керемет әдіс жасап, бар-жоғы 45 секундта айқын жеңіске қол жеткізді. Нәтижесінде Анатолий Колесов өзінің командалық әріптестері Сергей Рыбалко (52 кило) және Ростом Абашидземен (97 кило) бірге алтын тұғырдан қол бұлғады. Қазақстанның грек-рим күресі шеберлерінің әлемдік аренадағы даңқты жолы осылай басталған еді...
Кейіпкеріміз одан кейін әлем чемпионатында тағы екі рет топ жарды. 1963 жылы Швецияның Хельсинборг қаласында ол жеті бірдей қарсыласына жер сипатып кетті. Солардың арасында болгариялық Димитр Добрев пен германиялық Рудольф Веспер де бар еді. Алғашқысы – Рим Олимпиадасының жеңімпазы, Мельбурн Олимпиадасының күміс жүлдегері болса, екіншісі – болашақ Олимпиада чемпионы. Неміс спортшысы арада бірер жыл өткеннен кейін Мехикодағы додада дараланады. 1965 жылы Колесов дәл сол нәтижесін Англияның Манчестер қаласында ұйымдастырылған дүниежүзілік додада қайталайды. Сонымен қатар Анатолийдің Олимпиада чемпионы деген атағы тағы бар. 1964 жылы Токиода алауы тұтанған төртжылдықтың басты жарысында жерлесіміз КСРО-ның грек-рим күресі шеберлері арасынан жалғыз өзі бас жүлдені олжалады. Мүйіздері қарағайдай өзге балуандарға ондай бақ бұйырмады.
Қарағандылық Анатолий Колесовтың жеңісті жолы өзге балуандарымызға жұғысты болды. Одан кейінгі байрақты бәсекелерде жерлестерміздің жасындай жарқырағаны жанкүйерлердің жадында. КСРО-ның туы астында өнер көрсеткен кезеңде Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері әлем чемпионаттарында мынадай нәтижелерге қол жеткізді:
Валерий Анисимов: 1965 жыл, Манчестер – алтын. 1966 жыл, Толидо – күміс.
Владимир Бакулин: 1967 жыл, Бухарест – алтын.
Анатолий Назаренко: 1970 жыл, Эдмонтон – алтын. 1971 жыл, София – күміс. 1974 жыл, Катовице – алтын. 1975 жыл, Минск – алтын.
Валерий Резанцев: 1970 жыл, Эдмонтон – алтын. 1971 жыл, София – алтын. 1973 жыл, Теһран – алтын. 1974 жыл, Катовице – алтын. 1975 жыл, Минск – алтын.
Анатолий Быков: 1975 жыл, Минск – алтын.
Шәміл Серіков: 1978 жыл, Мехико – алтын. 1979 жыл, Сан-Диего – алтын.
Жақсылық Үшкемпіров: 1981 жыл, Осло –алтын.
Игорь Ростороцкий: 1985 жыл, Кульботн – алтын. 1987 жыл, Клермон-Ферран – алтын.
Дәулет Тұрлыханов: 1987 жыл, Клермон-Ферран – қола. 1989 жыл, Мартиньи – алтын.
Міне, Кеңес Одағы тұсында Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері осындай биік белестерді бағындырды. Осы орайда, біз тек әлем чемпионаттарындағы жетістіктерді тілге тиек етіп отырғанымызды айта кетейік. Оның сыртында Олимпия ойындары мен Еуропа біріншіліктері және тағы басқа байрақты бәсекелер бар. Жасыратыны жоқ, КСРО дәуірінде еліміздегі бірде-бір спорт түрінің өкілдері дәл осындай ғаламат нәтижесімен мақтана алмайтын. Алып империя келмеске кеткеннен кейін де, жеңісті дәстүр үзілген жоқ. Енді Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақ елі өрендерінің әлем чемпионаттарында көрсеткен нәтижелеріне тоқталайық:
Дәулет Тұрлыханов: 1993 жыл, Стокгольм – күміс.
Юрий Мельниченко: 1994 жыл, Тампере – алтын. 1995 жыл, Прага – күміс. 1997 жыл, Вроцлав – алтын. 1999 жыл, Афины – күміс.
Бақтияр Байсейітов: 1995 жыл, Прага – күміс. 1998 жыл, Евле – алтын.
Мхитар Манукян: 1998 жыл, Евле – алтын. 1999 жыл, Афины – алтын.
Георгий Цурцумия: 2003 жыл, Кретей – қола.
Ермек Көкетов: 2005 жыл, Будапешт – қола.
Нұрбақыт Теңізбаев: 2009 жыл, Хернинг – қола.
Алмат Кебісбаев: 2010 жыл, Мәскеу – қола. 2011 жыл, Ыстанбұл – күміс. 2015 жыл, Лас-Вегас – қола. 2019 жыл, Нұр-Сұлтан – қола.
Нұрмахан Тыналиев: 2010 жыл, Мәскеу – қола. 2011 жыл, Ыстанбұл – қола. 2013 жыл, Будапешт – қола.
Досжан Қартықов: 2015 жыл, Лас-Вегас – қола.
Мейрамбек Айнағұлов: 2017 жыл, Париж – күміс, 2019 жыл, Нұр-Сұлтан – қола.
Демеу Жадыраев: 2017 жыл, Париж – күміс.
Айдос Сұлтанғали: 2018 жыл, Будапешт – қола.
Мейіржан Шермаханбет: 2018 жыл, Будапешт – қола.
Қорлан Жақанша:, 2019 жыл, Нұр-Сұлтан – күміс.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:39
Беларусьпен байланыстың бір белесі
Әлем • Бүгін, 08:37
Перзент сүймей адамның мейірі қанбас
Қоғам • Бүгін, 08:32
Қайырымды да батыл жандар құрмет төрінде
Қоғам • Бүгін, 08:31
Ұқсас жаңалықтар