Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Атырауда 600 килодан астам бекіре тәркіленді

829 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаментінің  қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде жарты тоннадан астам бағалы бекіре тұқымдас балықты тиеген көлікті ұстады.

Атырауда 600 килодан астам бекіре тәркіленді

– Бұл көлік Құлсары-Сарықамыс тас жолында тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктен аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 килограммнан астам бекіре балықтары тәркіленді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексiнің  339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу)  жүргізіліп жатыр.