Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Газ тасымалдаушы компания 65 млн теңгені қайтарады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұтынушының  есебінен заңсыз табыс табатындар әлі де бар. Бұған Атырау облысының прокуратурасы газ тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалына  жүргізген талдау дәлел бола алады.  

Газ тасымалдаушы компания 65 млн теңгені қайтарады

– Филиал «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 24-бабының талаптарын бұзып, тұтынушылардан газға қосу қызметі үшін заңсыз төлемдерді талап етіп, 2018-2019 жылдары  65 млн теңгені кірістеген. Осы заң бұзушылықтар үшін филиал ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес (табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет пайдасына 4 млн теңге айыппұл өндірілді. Прокуратураның араласуымен облыс тұрғандарына газға қосу қызметтері тегін жүргізілетін болды. Заңсыз тәжірибе тоқтатылды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 21 млн теңге көлемінде заңсыз алынған төлемдер кәсіпкерлердің жеке шотына кері қайтарылыпты. Қазір жеке тұлғаларға 44 млн теңгені  қайтару процесі жүргізіліп жатыр.