Экономика • 08 Маусым, 2020

Brent мұнайының бағасы 43 доллардан асты

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Brent маркалы мұнайдың 2020 жылдың тамыз айына жеткізілімі жөніндегі келісім бойынша бағасы Лондон биржасында 17 пайыз көтеріліп, алдыңғы сессияның жабылу қарсаңында барреліне 43 долларға жетті, деп хабарлады Ресейдің Вести телеарнасы.

Brent мұнайының бағасы 43 доллардан асты

Соңғы рет мұндай баға үстіміздегі жылдың 6 наурыз күні тіркелген болатын. Ал WTI сортты мұнайы барреліне 40,22 доллардан саудаланды. Бұл да мұның алдындағы сауда көрсеткішінен 1,7 пайыз жоғары. 

ОПЕК+ министрлері 6 маусым күні видеоконференция форматында өткен кездесуде мұнай өндіру көлемін төмендету жөніндегі келісімді тағы бір ай созу жөнінде шешім қабылдаған болатын. 

Сарапшылардың пікірінше, осы жағдай рынокке бірден әсер етіп отыр. Мұның алдында  ОПЕК+  мамыр-маусым айларында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 9,7 млн баррельге азайту жөнінде келісімге келген болатын. Енді жаңа шешім бойынша осы келісім шарттары шілде айында да сақталмақ.