05 Қазан, 2013

Абылай: көне шындыққа жаңа көзқарас

522 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін

Абылай ханның бүгінгі ұрпақтары дегенде ауызға алдымен ілігер атағы зор көрнекті қоғам қайраткері, еліміздің еңбек сіңірген сәулетшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мемлекеттік Елтаңбамыздың авторы, айдыны мен айбыны зор бабасы арман еткен азат Алаш елінің «Парасат» һәм «Құрмет» ордендерінің иегері Шот-Аман Уәлихан екені әмбеге аян. Тәуелсіздіктің елең-алаңында, 1991 жылы Абылай ханның 280 жылдығы ең алғаш Көкшетауда елдігіміздің нышанды мерекесіндей болып мемлекеттік дәрежеде тойланған кезде осы кісінің ерекше толқи сөйлеп, бөлекше тебіренгені де есімізде. Одан беріде өткен 20 жылдан астам уақытта Шот-Аман Ыдырысұлы алып тұлғаны жан-жақты зерттеп, зерделеумен келеді. Сонымен бірге, Абылай ханның халықаралық қорын құрып, осы ретте де тәуелсіздігіміз бен мемлекетіміздің мерейін асыратын нешеме игі істерге мұрындық болып жүр. Біз Абылай ханның атап өтілгелі жатқан 300 жылдығына орай осынау қадірменді аға, қайраткер азаматқа жолығып әңгімелескен едік.

– Құрметті Шот-Аман Ыдырысұлы, хан бабаның өлгенді тірілтіп, өшкенді жандырғандай сол бір Көкшетауда өткен 280 жылдық тойының тағылымы, әдемі әсерлері есіңізде шығар?

Абылай ханның бүгінгі ұрпақтары дегенде ауызға алдымен ілігер атағы зор көрнекті қоғам қайраткері, еліміздің еңбек сіңірген сәулетшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мемлекеттік Елтаңбамыздың авторы, айдыны мен айбыны зор бабасы арман еткен азат Алаш елінің «Парасат» һәм «Құрмет» ордендерінің иегері Шот-Аман Уәлихан екені әмбеге аян. Тәуелсіздіктің елең-алаңында, 1991 жылы Абылай ханның 280 жылдығы ең алғаш Көкшетауда елдігіміздің нышанды мерекесіндей болып мемлекеттік дәрежеде тойланған кезде осы кісінің ерекше толқи сөйлеп, бөлекше тебіренгені де есімізде. Одан беріде өткен 20 жылдан астам уақытта Шот-Аман Ыдырысұлы алып тұлғаны жан-жақты зерттеп, зерделеумен келеді. Сонымен бірге, Абылай ханның халықаралық қорын құрып, осы ретте де тәуелсіздігіміз бен мемлекетіміздің мерейін асыратын нешеме игі істерге мұрындық болып жүр. Біз Абылай ханның атап өтілгелі жатқан 300 жылдығына орай осынау қадірменді аға, қайраткер азаматқа жолығып әңгімелескен едік.

– Құрметті Шот-Аман Ыдырысұлы, хан бабаның өлгенді тірілтіп, өшкенді жандырғандай сол бір Көкшетауда өткен 280 жылдық тойының тағылымы, әдемі әсерлері есіңізде шығар?

– Ол күндер қалай ұмытылсын! Сол уақыттарда қа­дірменді Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Абылай ханның 280 жылдық мүшелтойын атап өту ту­­ралы шешімін бүкіл халық, зиялы қауым үлкен ілти­патпен қарсы алып еді. Абылай хан бір-ақ күнде ел ұранына айналып шыға келген. Хан ордасының қа­­сиетті мекені Көкшетау «Аруағыңнан айналайын­ Абы­лай!» деп шаттана тербетіліп тұрғаны әлі көз алдымда.

Ал енді, бұған дейінгі кеңестік кезеңнің 70 жылында қазақ тарихы ханталапайға түсіп, жабық ұсталды емес пе. Басын бәйгеге тігіп, қан төгіп, жерін, елін қорғаған, жағалай жау тыныштық бермей көз алартқан кезде халқының тағдырын ойлап, жаны жара болған, зерделі ойын, көреген саясатын елдің игілігіне жұмсаған Абылайды өз халқына қарсы қоюшылық болғанына не істерсіз! Бұдан артық әділетсіздік бола қояр ма екен?! Осы жерде арқалы ақын Ғафу Қайырбековтің мына бір өлең жолдары еріксіз еске түседі.

Әлі күнге бір сұрақ – мен аңғарман,

Сұрап келем ақылды адамдардан.

Өзге жұрттың хандары жақсы болып,

Біздің хандар қалайша жаман болған?!

Бұл сұрақтың жауабы оңай. Империялық амбициядан туған тарих әдетте отар елдің мүддесінен алшақ жатады. Ондай тарихтың көп-көп беттері жыртылып, сарғайып, өшкен қалпында жетті. Ал адамдардың тартқан азабы қаншама десеңізші. Абылайханов, Уәлиханов, Қасымханов, Кенесарин болғаны үшін жазықсыз қудаланған, түрмеге отырған, атылған ата, әке, ағаларымыздың ақ жарқын, бейкүнә келбеті көз алдымыздан кетпейді.

Сонауазаттығымыздыңақтаң­ындаАбылайдыңөзікөпжылғысая­ситұтқыннаноралғандайбол­ған-ды. Өшкеніміз жанып, өлге­німіз тіріліп, Абылай тойымен бір­ге еркіндіктің ақ самалы ескендей болып еді. Сол алғашқы той қана­тымен су сепкен қарлығаштың әре­кетіндей жанға жылылық әке­ліп еді. Содан бері өткен жыл­дар сол қуанышымыздың баян­ды­лығын танытқандай. Өйткені, тәуел­сіздігіміз нық тұғырына қон­ды. Күні кешегі «Егемен Қазақ­станнан» қадірменді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абылай аңсаған азаттық» атты салиқалы да сарабдал мақаласын оқып қуанышты күй кешіп отырмын. Халқының тәуелсіздігі үшін күрескен Абылай есімі, Абылай рухы жасай беретіндігінің бір айғағы осы емес пе?! Осыдан 20 жылдай бұрын құрметті Елба­сымызға бір топ зиялы қауым өкілдері Абылай ханның есімін есте қалдыру орайында атқаратын шаралар жөнінде ұсыныс айтып, хат жазып едік. Сол мәселелер де негізінен шешіліп, одан беріде Алматы қаласындағы орталық көшелердің біріне Абылай хан есімі берілді, биік тұғырда ескерт­кіші орнады. Оңтүстік астанадағы беделді университетке, Көкшетау өңірінде үлкен кентке аты берілді. Енді, міне, 300 жылдық тойы Ел­басы ықыласымен, Мемлекеттік хат­шының тікелей араласуымен жоғары дәрежеде аталып өтіліп жатса, бұл да мемлекеттің мерейі, елдігіміздің көрінісі демес­ке лажымыз жоқ.

– Абылай ханның қазақ та­ри­хындағы орны, рөлі туралы не айтар едіңіз?

– Тарихымыздың бұрынғы әділ қазы­ларының бірі, Шығыс тари­хын зерттеуші ғұлама, атақты ака­демик В.Бартольд айтқандай, Абылай хан ХVIІІ ғасырдағы хан­дардың ішіндегі ең құдіреттісі болды. Абылай баһадүр хан елдің ауыз­бірлігін сақтап, халқымыздың басын қосуда, қазақ жерін шап­қын­шылардан қорғап қалуда, Ресей, Қытай мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнату арқылы қазақ хандығының тәуелсіздігі мен елдігін сақтауда, жалпы қазақ мәмілегерлігінде аса зор қызмет атқарған. Дәл осы ақиқатты неше қайталап айтсақ та артық емес. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналып, шуақты күні мен қарлы-бораны аралас, аумалы-төкпелі заман ағымына қарай, үш ғасыр бойы елдіктің, ерліктің, тәуелсіздіктің, ауызбірліктің туындай болып, халықтың сана-сезіміне ұялады. Сол себептен де разы болған қазақ халқы оны жү­ре­гінде сақтады, бейнесіне көлең­ке түсірмеді, енді, міне, оның алып тұлғасы ортамызда, төрімізде отыр. «Сол күнде ел қор­ға­ған Абылайдың, Қылсаң да аз қанша тауап моласына», деп қайран Мағжан ақын айтса айт­қан­дай.

– Олай болса, баһадүр хан­ның балалық, жастық шағы­на, батырлығы мен елге таны­луының тұнық бастауларына бір зер салып өтсеңіз?

– Болашақ Абылай ханның азан шақырып қойған аты Әбіл­мансұр. Ол Салқам Жәңгір ханның ұрпағы Көркем Уәли сұлтанның шаңырағында дүниеге келді. Ал енді арғы тегі Шыңғыс хан, Жо­шы хан, Орыс хан, Әз Жәнібек хан­дарға барып тірелетіні де ақ таңдай ақиқат. Балалық шағы от пен жа­лынның, қайғы мен қасіреттің, өлім мен өмірдің ортасында өтті. 1723 жылы қалмақ қонтайшысы Сыбан Раптан 100 мың қолмен қазақ жеріне кіріп, еңбектеген бала мен еңкейген кәріге дейін қырып салды. Қалың ел «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» аталған зұлматқа ұшыраған кезде Әбілмансұр 10 жастың үстіндегі жеткіншек еді. Ол аш-жалаңаш жүріп, қайың сауған елмен, үштен бірінен айырылған, зар жылаған халықпен бірге азап-бейнетті, көптің кек пен ызасын, арман-тілегін жамиғатпен бірге арқалаған арда ұлдарының бірі болды. Әбілмансұр жетімдіктің зардабын көп тартады. Үйсін Төле бидің түйесін, атығай-қарауыл елінде Дәулет деген байдың жыл­қысын бағады. Алба-жұлба киі­міне байланысты «Сабалақ» деген атауын осы кездерде алса керек.

– Халық жадындағы Абы­лай бейнесі де оған деген сүйіс­пеншілікті айғақтайды емес пе?

– Иә, Абылай туралы жыр-дастандар, аңыз-әңгімелер басқа хандармен салыстырғанда мей­лінше көп сақталған. Бірнешеуін жазып алуға ұлы Абай да қаты­сыпты. Қолжазба қорында Абай­дың өз аузынан естігенім деп Мұсылманқұл Жиреншин тап­сырған «Абылайдың Әйтеке жы­рықпен соғысуы» атты әңгіме бар. Көкбай ақынға тапсырма бе­ріп «Сабалақ» поэмасын да жаз­дырған Абай.

Аңыз-әңгімелердің бәрінде де Абылайдың түр-түсінен тегін адам емес екендігі білініп тұрады. Сол аңыздарда ол алты күн аш жүрсе де кір ыдыстан тамақ ішпейді. Алдына келген дәмнен жолдастарымен бөліседі. Жай жерге отыра салмай­ды, астына тақ қылып күпісін тө­сейді деп сипатталады. Мұның ас­тарында Абылайдың көрген тәр­биесі жатыр. Хан сарайында қалып­тасқан әдет, дәстүр бойынша ханзада-ханшалар жеті жұрттың тілін білген, қалай жүріп-тұруды, әдепті болуды, мәнерлі сөйлеуге үйренген. Егер Абылай кір ыдыстан тамақ ішпесе, үлкендердің алдынан аттап өтпесе, бірнеше тілде сөйлей білсе, бұл туа біткен қасиет емес, 10 жасқа дейін алып үлгерген тәрбиенің жемісі еді.

Үйсін Төле биге байланысты бір аңыз әңгімеде Абылайдың ұйықтап жатқан кезі былай дә­ріп­теледі. Ұйықтағанда түсі жап-жарық болып тұрады, шамшырағы бар сияқты. Екі қолын екі жаққа, екі аяғын екі жаққа жіберіп, төрт тағандап, керген төстіктей болып керіліп жатады екен. Мұнысы: «Қолым жеткенше ұстаймын, ая­ғым жеткенше барамын, дүниенің төрт бұрышын тіреп тұратын ұлымын», дегені дейді. Бұл аңыз да ақиқатқа айналғанын біз білеміз.

– Әбілмансұрдың айбарлы Абылайға айналып, атқа қонған шағын көзге бір елестетіңізші?

– Өзінің алдындағы төрт бірдей атасы: Көркем Уәли, Қанішер Абылай, Уәли Бақы, Салқам Жәң­гір бәрі де қан майданда Қазақ елі, қазақ жері үшін қаза тапқан. Сон­дықтан, оның бойында жауға, шапқыншыларға деген кектің, ызаның, өшпенділіктің өршуі өте табиғи құбылыс. Сабалақ – Әбіл­ман­сұр 18 жасында, шамасы 1729 жылы қалмақтармен болған қан­ды шайқаста алғаш рет көзге түседі. Жекпе-жекке шыққанда қал­мақтың Шарыш деген батырын өлтіріп, жауға «Абылайлап» ат қояды. Міне, осы соғыстан кейін оның басына бақ қонып, абырой-атағы көтеріліп, Абылай атанған айбынды дәуірі, бұрынғы Әбілмансұрдың қауіп-қатерге, айла-амалға, өжеттік пен ерлікке, көрегендік пен даналыққа толы, халық тағдырымен бірге өрілген тар жол тайғақ кешуі басталды. Сөйтіп, Абылайдың тағдыры туған халқының тағдырымен астарласып, бір бүтін болып, тігісі бө­лінбей кетеді.

Абылай заманын қалай сипаттар едік?

– Шоқан бабамыз Абылай заманын батырлықтың, серіліктің заманы болды деген ғой. Баһадүр Абылайдың қиын да қилы зама­нын ақын Мағжан Жұмабаев жан-жү­регімен мейлінше терең ұғынған:

Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ,

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.

Артында – ор, алдында – көр, жан-жағы жау

Дағдарған алаш енді қайда бармақ?

Қазақтың өз хандарының ала­лығы елді ірітеді, алысқа апармайды. Көршілер болса, алауыздықты қоздыра түседі. «Сол аласапыран дәуірде, дейді Мұхтар Әуезов, қалың елдің «қайраңдап жан қала ма» деген «Қазығұрттай үміті» жалғыз ғана Абылай басында қалған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін ту көтеріп, бір араға жиған Абылай болатын... Қазақтың жат елге бағынбай, өз елдігін сақтап қалып, іргесін бөлек салуы жаңа саяси бет болды». Өте әділ айтылған сөз. Міне, Әуезов дәл сипаттағандай, Абылай заманының бағдарын осы жайлар айқындады.

– Абылайдың қалмақ тұт­қынында болуы да талай зерттеуге жүк боларлық қатпарлы тарих қой.

– XVIII ғасырдың 40-жылдарында да қазақ үшін ең қауіпті жау қалмақтар болып қала бер­ген. Қалмақ қонтайшысы Қал­дан-Серен 1740 жылы 15 мың қолмен Ертіс пен Есіл бойын­да көшіп жүрген Әбілмәмбет ханды шабады. Егер аманат бермесең, сені де құртамын деп Әбілқайыр ханға ескерту жасайды. Ресейден зеңбіректер мен оны ататын зеңбірекшілер сұраған Әбілқайыр: «Әзірге өзімізге де жетпей жатыр», деген жауап алады. Абылай сұлтан бір топ нө­кер­лерімен Ұлытау маңында саят­та жүргенінде қапыда қолға түсе­ді. Тұтқын Абылай үлкен төзімділік, қайрат-жігер көрсетеді, өзі­нің ар-намысын таптатқызбай биік ұстайды, бекзадалығын бай­қатады.

1742 жылдың қыркүйегінде Орынбор комиссиясының төр­ағасы И.Неплюев орыс мемле­ке­тінің қол астындағы қазақтардың ісіне араласпаңыздар деп Қалдан-Серенге хат жазады. «Ұлы мәр­тебелі патша Ағзамның құрметіне, тату көршілік хақысы үшін сіздің ұлыста ұсталып отырған Абылай сұлтанды босатсаңыз екен?» деп сұрайды. Осы сәлемді жеткізу үшін майор К.Миллер аттанады. Бірақ қонтайшы бізді шешек ауруы басып жатыр деген желеумен оны қабылдамай қояды. Абылай тұтқын болып жатқан осы бір ауыр кезең туралы халқымыздың жадында көп аңыз-әңгімелер сақталған.

Ұзақ уақыт жүргізілген келіс­сөз­дерден кейін Абылай тұтқын­нан босап шығады. Бұл ретте оның өзінің де рөлі аз болмағандығын көптеген жайлар айғақтайды. Қазақтар ұлан-асыр той жасайды. 1743 жылғы тамыз айының соң­ында Орта жүзге барып қайтқан Иван Лапин: «Аблай, от зюнгарцев с великим награждением отпущен, а именно: дана ему палатка (киіз үй – Ш.У.) шитая золотом, шуба, крытая парчою золотою, палатка железная складная, панцырь и зюнгарскому владельцу в аманаты отвозил» – деп жазады.

– Шота аға, айтыңызшы, тарихи деректер көрші елдердің ішкі-сыртқы сая­саттарындағы қай­шылықты Абылай­дың өз пай­дасына шебер пайдалана білгенін көрсетпей ме?

– Оның рас. 1761 жылы шілдеде қазақ-қытай қарым-қатынасын барлау үшін келген орыс мем­лекетінің өкілі Ф.Гордеевтен Абы­лай орыс патшасының хал-ахуалы жайлы хабарды естіп: «Қа­лай, шет патшаларымен қарым-қатынастарыңыз дұрыс па, олар мазаламай ма? Пруссиямен со­ғыс қалай бітті? Қытаймен ара­ларыңыз қалай?» деп сұрайды. Абылайдың алыстағы Пруссияда не жұмысы бар еді деп ойлауға болатындай. Анығында олай емес. Абылайдың көрші мемлекеттерде не болып жатқаны туралы мәліметтерді алатын өз жолдары болса керек. Ресейдің Пруссиямен соғысын сұрауы Еділ бойындағы қалмақтардан орыстар мейлінше қаруланған бес мың атты әскер алмақшы болғанын естігеннен кейін туындап отыр. Қазақ ханы үнемі ата жауы қай тұстан әлсірейді, айнала түсе бастаған құр­сауды қай жерден үзуге болады деп толғанған.

1745 жылы Қалдан-Серен өледі. Оның мирасқорлары арасында жоңғар тағы үшін талас басталады. Ақыры Қытай одан кейінгі он үш жыл ішінде қалың қалмақты бала-шағасына дейін қойдай қырып, бір кезде үлкен мемлекет болған Жоңғарияны құртып тынады. Міне, осы аласапыран жанталас уақытты Абылай да шебер пайдаланып, қазақ хан­дығының ықпалын, беделін арт­тыруға жұмсайды, қазақтың көптеген атамекен жерлерін қайтарып алады. Абылай Ресейге де, Қытайға да қайсыңыздың рақымыңыз түседі деп қарап отырмайды. Мұздай құрсанған, соғыс өнеріне сақадай сай әскер жасақтайды. Ол ұрысқа бірден отыз мыңдай сарбаз шығара алатын халге жетеді. Мақсатқа жету үшін Абылай әрбір жүздегі елдің қадір-құрметіне бөленген ақылгөй азаматтарына арқа сүйеп, қол бас­тайтын жаужүрек батырларды топтастырған еді. Олар кімдер еді десеңіз: қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, шапырашты Наурызбай, уақ Сары, Баян, тарақты Байғозы, шанышқылы Бердіқожа батыр, Олжабай батыр, Балта керей Тұрсынбай батыр, тағы басқалар.

– Абылайдың дара қа­сиет­терін, аңсарлы арманын айты­ң­ыз­шы?

– Мына бір жайға зер сал­ған жөн. Орыс патшалығы Абы­лай ханның ордасын басып алу­ды да ойлаған, оны қанша адам күзететіндігінен де сыр тартып отырған. Бірақ ол кезде Абылайдың беделі де, сақтығы да мол еді. Оның атағы алты алашқа, жеті жұртқа жетіп жатты. Өз халқының болашағын мейлінше терең ой­лаған оның іс-әрекеті халық тағ­ды­рымен астарласып кетті. Ұлы ханның өмірі ауызбірліктің, елдік­тің, тәуелсіздіктің, еркіндіктің символындай болып, атын келер ұрпақ жырға қосып, аңызға айналдырды.

Ағылшын зерттеушісі Марта Брилл Олкоттың Абылайға берген бағасы зор шындыққа саяды. Оның айтуынша: Абылай – қазақтың соңғы тәуелсіз ханы. Ол хан болу үшін Ресей үкіметіне жүгінген жоқ, одан куәлік құжат сұрамай, билікті тура өз халқының қолынан алды. Абылай кім болды, кім болғысы келді дегенде де, бір нәрсе айдан айқын. Ол өзінің алдағыны болжай білетін көреген саясатшы екенін дәлелдей білген.

Абылай жетпіске келіп, ауру меңдеп, дүниеден аттанайын деп жатқанда Бұқар жырауды ша­қыр­тыпты дейді тағы бір аңыз. Көмекей жыраумен бақұлдасқан Абылай үш арманын айтқан екен: – Менің тұсымда қан көп төгілді. Мен төкпесем, дұшпан менің қанымды төгетін еді... – Халқым жер емшегін еме алмады, қала, кент салғызып үлгермедім... – Ел­дің басы аса бірікпеді, тентегі, телісі көп болды...

Абылай ханның ұлы арманы ендігі жерде ұрпағының, біздің мойнымызда. Бабамыздың майдан алаңында қанын төгіп, қолында берік ұстаған бостандық туын жықпау – Қазақ елінің ұлы мұраты. Ол ту мәңгілік жығылмайды да деп білеміз. Абылайдың дана жолы Нұрсұлтанның нұрлы жолына айналғаны қазақ халқына баянды бақыт әкелді. Бұл жа­йында «Абылай аңсаған азаттық» атты күні кешегі мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті өте жақсы айтты. Көк байрағымыз Абылай арманының биік шыңында мәңгілік желбіресін.

– Әңгімеңізге рахмет.

 Әңгімелескен

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы.