Батыс қасақана мойындағысы келмейтін тарихи жайт: Ұлы даланы ен жайлаған ата-бабаларымыз демократияда нағыз жаңашыл, инноватор болған. Кейін отарлану салдарынан ұмыт қалған көптеген демократиялық құндылық қазіргі кезде жаңа қалыпта елге қайта оралуда. Соның бірі – праймериз, қарапайым тілде айтқанда партияның әр өңірде өткізетін ішкі сайлауы.

Байырғы замандарда елімізде әр ауыл-аймақтың жұрты өз арасынан төл биін таңдап алатын болған. Кейін олардың озықтары бір ру ғана емес, бүкіл үш жүз мойындаған ұлы билердің қатарына қосылғаны, атағы тек қазаққа ғана емес, көрші елдерге жайылған кемеңгер данаға, тарихи тұлғаға айналғаны мәлім. Ұлтымызда би-шешен атанғысы келетін азаматтар алдымен ел аралап, бұқара арасындағы сан алуан дау-шарға араласып, өзін сынататын болған. «Төрелік ел кезеді» деген мәтел содан қалыпты. Би болып, билік айтудан үміткер тұлға ел-жер көрмей, халыққа сөзін тыңдатып, сынатып, ақсақалынан бата алмай елге сөзі жүрмейді екен. Бітімі де пәтуалы болмайтын көрінеді. Оның төрелігінің қаншалықты әділ екенін халықтың өзі анықтап отырған.
Демек, жаңаша аталған партияішілік іріктеу – қазақтың байырғы дәстүрін жаңа форматта қайта түлету іспетті. 2019 жылғы 21 тамызда Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту ісі бастау алды. Сонда Елбасы ішкі партиялық іріктеудің қажетін және халықаралық тәжірибеге сай праймериз – партияның белсенді мүшелері мен көшбасшыларын айқындаудың тиімді тетігі екенін баса айтты.
Биылғы 5 наурызда Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысында осы іріктеу шарасын өткізу ережелерінің жобасы құпталды. Таяуда Елбасы праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойды. 5 маусымда Nur Otan-ның ресми сайтында партияның Саяси кеңесі бекіткен партияішілік іріктеуді өткізудің ережесі жарияланды.
Сонымен 2020 жылғы 17 тамыз бен 3 қазан аралығында Қазақстан тарихында тұңғыш рет праймериз ұйымдастырылады. Оған көшбасшы партияның ізгі құндылықтарын құптайтын және жасы 25-ке толған Қазақстан азаматы қатыса алады. Егер Nur Otan мүшесі болмаса, партия қатарына қосылып, праймеризге қатысушы ретінде тіркелуіне жол ашық. Үміткер тіпті өзін-өзі ұсына алады. Бұл – кейбір сарапшы сағына еске алатын мажоритарлық жүйенің озық құрауыш компоненті.
Жалпы, «Мықты лидерлер – мықты партия» қағидатымен өтетін осы ғаламат шараның ел құптарлық қырлары жетерлік.
Праймериз – «Парламентті персонализациялау» процесіне жол ашады. Ата Заңымызда бекітілген пропорционалды сайлау жүйесінде қазақстандықтар додаға түскен саяси партияларға дауыс береді де, Мәжілістегі орындарға нақты кімнің жайғасарын біле бермейді. Осыған орай көптеген сарапшы бұрынғы мажоритарлық жүйеге оралуды, яғни партиялық тізімдерден бас тартып, әр депутатқа өз сайлау учаскесіндегі додада жеке жеңіп шығуына мүмкіндік беруді ұсынып жүр.
Бірақ негізінен дамушы елдерге тән мажоритарлық жүйенің кемшілігі мен олқылығы жетерлік екенін білеміз. Біріншіден, ол партиялардың дамуын тежейді. Екіншіден, өңірлерде жершілдік пен жемқорлықтың өрістеуіне дем береді. Үшіншіден, өз сайлау округіндегі додада көбіне ауқатты адам жеңіске жетіп, ал елге пайдасы көбірек тиюі мүмкін білікті, бірақ қалтасы таяз үміткер ілгері оза алмай жатады. Партиялар болса, төл депутаттық тобы тартысқа да, жұмысқа да қабілетті болуы үшін бай-бақуаттылығына қарамай, кез келген дарынға орын сайлайды.
Праймеризге қатысушылардың барлығы (тіпті іс басындағы Мәжіліс депутаты болса да) жария пікірсайысқа қатысуға міндетті. Дебат 3 деңгейде өтеді: бірінші базалық деңгей – праймериз барысында, екіншісі – партияның аудандық және қалалық филиалдарының конференциясында, ал үшіншісі – партияның облыстық, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары филиалдарының конференциясында ұйымдастырылады. Демек, үміткерлер електен өткізілгендей екшеліп-сұрыпталып шығады әрі олар жұрт алдында сөз сөйлеп, өз бағдарламасын қорғау ісіне әбден машықтанады.
Осы дода барысында жұртшылық болашақ төбе бидің, яғни депутаттың пайымы мен парасатын, ой-өрісінің тереңдігін, орайын келтіріп мәселенің шешімін таба алар оралымды қабілетін бағалай, байқай алады.
Жаңа заманда депутаттардың сұңғыла шешендігімен, тыңдаған жанды ұйыта білер сөз ұсталығымен ерекшеленгені абзал. Өйткені ол шаршы топ алдына жиі шығады, халықпен кездесуде, шетелдік делегациялармен жүздесуде ойын нақты әрі толыққанды жеткізе білгені жөн. Мысалы, АҚШ-та, Еуропа елдерінде праймеризге түсетін кандидаттар шешендік-ораторлық өнерді игереді, арнайы тренингтерден өтеді. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен, жауын жаумай су болған, дәйегіне мәйек құтаймаған адамдарға сайлаушылар да дауыс бермесі анық. Оның үстіне сөз сайысында қазақ тілінде қойылған сауалдарға жауап бере білгені жөн, бұл үміткердің мемлекеттік тілге құрметін, оны білу деңгейін паш етеді.
Бүгінде партияішілік бастапқы сайлау АҚШ пен Канадада, сонымен қатар Еуропаның, Азияның және Латын Американың Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Ирландия, Түркия, Оңтүстік Корея, Аргентина, Уругвай секілді көптеген елінде өтеді және оның ашық, жабық, аралас түрлері қолданылады.
Бұл істе еліміздің көшбасшы партиясы ізашарға айналып, жол бастап отыр. Демократияның дамып, дәуірлеуіне серпін берер бұл бастама Қазақстандағы өзге саяси партияларға үлгі-ұлағат болса керек.
Бақытбек СМАҒҰЛ,
Парламент Мәжілісінің депутаты,
Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы
Алматы: Коронавирустың алдын алуға барлық эпидемиологтар қатысады
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Мемлекеттік хатшы: Тоталитаризмнен зардап шеккен көп халыққа қазақ жері пана болды
Үкімет • Бүгін, 16:26
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Бүгін, 16:15
Атыраудың дәрігерлері «Туған елге мың алғыс!» челленджін ұйымдастырды
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Елордадағы табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары берілді
Қоғам • Бүгін, 15:59
Шымкенттік спортшылар стенд атудан әлем кубогінде қола медальге ие болды
Спорт • Бүгін, 15:51
Шымкентте азаматтар 30 мамандық бойынша тегін қысқа мерзімді кәсіптік білім ала алады
Аймақтар • Бүгін, 15:49
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:38
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:21
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:20
Үкімет • Бүгін, 15:17
Наурыз айында ел аумағында ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар кестесі жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 15:01
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:30
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
Елорда • Бүгін, 13:50
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Сенаторлар адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша заң жобасын қарайды
Парламент • Бүгін, 13:22
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Бүгін, 13:15
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:11
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Бүгін, 13:00
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Бүгін, 12:53
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 12:48
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Бүгін, 12:18
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған кездесу өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:13
ГМ-172/10 мекемесінде Ж.Жабаевтың 175 жыл толуына орай мерекелік іс-шара аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Ерлан Тұрғымбаев: Учаскелік пункттер желісін кеңейту керек
Қоғам • Бүгін, 12:07
БЖЗҚ салымшылары жинақтарын интернет арқылы бақылай алады
Экономика • Бүгін, 12:04
Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Нұрлан Нығматулин: Алғыс айту күні - жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелейтін ерекше мереке
Парламент • Бүгін, 11:30
Созақтық полицейлер боранда жолда қалғандарды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 11:15
40-қа жуық адамды ажалдан арашалаған шымкенттік дәрігер туралы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Алтай Көлгінов бүгінгінің батырларына алғыс айтты
Қоғам • Бүгін, 11:09
Әлем халықтарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар?
Әлем • Бүгін, 10:45
Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» қайта енді
Коронавирус • Бүгін, 10:41
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Қоғам • Бүгін, 10:36
Жандарбек Бекшин дәрігерлерге алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Қазақстанда «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді - А.Цой
Медицина • Бүгін, 10:32
Қазақстанда ломбардтар жабылады
Экономика • Бүгін, 10:30
Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық вирусқа қарсы вакцина қабылдайды
Медицина • Бүгін, 10:27
Алматыда Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктердің басшылары ҚХА аллеясын отырғызды
Руханият • Бүгін, 10:26
Келер жылы дәрігерлердің жалақысы қанша болатыны айтылды
Медицина • Бүгін, 10:21
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Ержан Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:15
Отандасымыз мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy додасында қола жүлдеге ие болды
Спорт • Бүгін, 10:13
Мәулен Әшімбаев: Қоғамда Алғыс айту күні бұқаралық сипатқа ие болып келеді
Парламент • Бүгін, 10:08
Б.Сағынтаев алматылықтарға ынтымақтастық пен өзара көмектері үшін алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Шымкентте отбасылық бизнес дамып келеді
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды
Медицина • Бүгін, 09:50
Асқар Мамин: Береке-бірліктің арқасында алға қойған мақсаттарымызға жеттік
Үкімет • Бүгін, 09:38
Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады
Елбасы • Бүгін, 09:28
Мемлекет басшысы қазақтандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:23
Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні
Руханият • Бүгін, 09:13
Өткен тәулікте 547 науқас қауіпті індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Елімізде бір күнде 622 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 06:59
Өнер • Бүгін, 06:57
Спорт • Бүгін, 06:55
Руханият • Бүгін, 06:53
Спорт • Бүгін, 06:52
Ұқсас жаңалықтар