Әлем • 09 Маусым, 2020

ДДҰ жағдайдың өршуі мүмкін екенін ескертті

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемде бір күнде вирус жұқтырғандар санының ең жоғарғы көрсеткіші тіркелді. Кеше дүниежүзінде 136 мың адам індет жұқтырған. ДДҰ басшысы Тедрос Аданом Гебреисус пандемияның басталғанына 6 ай болғанын, дегенмен кез келген елдің дәл қазір сақтық шараларын бәсеңдетіп, еркінситін жөні жоқ екенін ескертті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДҰ жағдайдың өршуі мүмкін екенін ескертті

"Еуропадағы жағдай жақсарғанымен, дүниежүзінде керісінше ушығып барады",- деді ұйым басшысы.

Кеше вирус жұқтырған 136 мың адамның 75 пайызы Америка құрлығынан немесе Оңтүстік Азиядан.

ДДҰ-ның Төтенше жағдайлар жөніндегі басшысы, доктор Майк Райан вируспен күрес қалай жүргені жайлы зерттеулерден гөрі қазір пандемияның екінші толқынының алдын алу мәселесіне мән беру керек екенін айтады.

Осылайша денсаулық саласының мамандары вирустың симптомсыз таралуымен қатар, оның басқа аймақтарда өршуіне алаңдап отыр.