Биыл әдеби конкурстың "Алтын тұғыр" бас жүлдесін "Драматургия" номинациясы бойынша жазушы-драматург Төкен Әлжантегі жеңіп алды. Аталымның екінші орны - Әлібек Байболовқа, үшінші орын - Әділхан Асановқа бұйырды. Сондай-ақ Баққожа Мұқай атындағы арнайы жүлдемен - Дидар Амантай, Қалихан Ысқақ атындағы арнайы жүлдемен - Советхан Қазиев, Сәкен Жүнісов атындағы арнайы жүлдемен - Өтен Ахмет марапатталды.
"Поэзия" аталымы бойынша 1-орынға Рауан Қабидолдин, 2-орынға Жадыра Байбұланова, 3-орынға Әлібек Шегебай лайық деп танылды.
Сонымен қатар Кеңшілік Мырзабеков атындағы арнайы жүлдемен - Жұлдыз Ілебаева, Нұрлан Мәукенұлы атындағы арнайы жүлдемен - Дана Исағұлқызы, Серік Қапшықбайұлы атындағы арнайы жүлдемен - Әрбибек Даули, Қаныбек Сарыбаев атындағы арнайы жүлдемен - Асылбек Жаңбырбай, "Ауыл" партиясының арнайы жүлдесімен - Жанат Боқашұлы марапатталды.
"Проза" аталымы бойынша бірінші орынды Ретбек Мағаз, екінші орынды Жадыра Шамұратова, үшінші орынды Абай Аймағанбетов иеленді.
Бұл аталымда Әбіш Кекілбаев атындағы арнайы жүлде - Әлихан Жақсылық, Ақан Нұрманов атындағы арнайы жүлде - Абай Ораз, Рақымжан Отарбаев атындағы арнайы жүлде - Асылан Қуанышұлы, "Ауыл" партиясының арнайы жүлдесі - Рүстам Гасымовқа бұйырды.