Аймақтар • 09 Маусым, 2020

Қызылордалық полицейлер өткен жылғы мал ұрлығын ашты

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, - Egemen.kz тілшісі хабарлайды.

Қызылордалық полицейлер өткен жылғы мал ұрлығын ашты

Қызылорда облысы аумағында 8-12 маусым аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру бағытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, мал ұрлығының алдын алу үшін сондай әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Мысалы, 8 маусым күні іс-шара барысында Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өткен жылы орын алған мал ұрлығы қылмысының 1 дерегін ашты. Атап айтқанда, өткен жылдың тамыз айында белгісіз біреу осы аудан тұрғынының  құны 150 000 теңге тұратын жылқысын жайылымнан ұрлап кеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысты жасаған 42 жастағы азамат анықталып, ол жасаған қылмысын толығымен мойындады.

Аумақтық ауыл шаруашылығы құрылымдарынан ветеринариялық бақылау инспекторлары мен ветеринариялық дәрігерлерді тарта отырып, тасымалданатын малдың иесін анықтау мақсатында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөлікте тиісті құжаттардың болуына тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Құқық бұзушыларды ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, ет өнімдері сатылатын сауда орындарында, базарларда, сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.