Аймақтар • 09 Маусым, 2020

Мақтааралдағы зақымданған жерлердің 50 пайыздан астамы қалпына келтірілді

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы аумағында жалпы 994 агроқұрылымға тиесілі 5695 гектар егістік жер тасқын судан зақымданған болатын, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Мақтааралдағы зақымданған жерлердің 50 пайыздан астамы қалпына келтірілді

Оның ішінде мақта - 3939,4 гектар, қауын-қарбыз - 801,2, жүгері - 74,75, жоңышқа  - 22,75, жеміс ағашы (шабдалы) - 4, қырыққабат - 2,22 гектар және агротехникалық шаралар атқарылған егістік жерлер - 850,64 гектарды құраған.

Егістік алқаптарды қайта қалпына келтіріп, егін егу жұмыстарына өңір шаруаларына көршілес Өзбекстан мемлекетінен жалпы 42 ауыл шаруашылығы техникалары көмекке келді  және 243,6 тонна тұқымдық шит жеткізілді. Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда суы тартылған егістік жерлердің 3083 гектар қайта өңделіп, 3030,5 гектар аумаққа түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген.

1

 

Түркістан облысы