![Қарашығанақ жобасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады](/media/2020/06/10/1_-kpo-27.jpg)
ҚПО әріптестіктің арқасында жергілікті компаниялар өндіріс көлемін арттырды, озық технологиялармен алмасуды жүзеге асырды, сондай-ақ консорциумдар мен бірлескен кәсіпорындар құру үшін серіктестер таба алды. Индустриалды-интеллектуалдық дамудың жаңа сатысына көтерілген олар енді Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларын іске асыратын сұранысқа ие мердігерлер болды және әрі қарай да өз қызметін кеңейтуге дайын.
2019 жылғы сәуірден бастап ҚПО Бонатти консорциумы – «Монтажарнаулықұрылыс» компаниясы АҚ-мен бірге УКПГ-2 газды кері айдаудың төртінші компрессоры жобасын іске асыру үшін келісімшарт жасасты. Бұл жоба жетегі арттырушы беріліс, MS5002D газ турбинасы және құрғақ күкірт газын пайдаланатын нығыздауыштың ілеспе жүйесі бар бәсеңдеткіш арқылы қосылған үш сатылы ортадан тепкіш компрессоры бар компрессордың бөлігі.
Жергілікті дәнекерлеушілердің көпшілігін қатыстыра отырып, Ғ22 материалынан жасалған қабырғаның арттырылған қалыңдығын құбырлық байлау арқылы дәнекерлеу кезінде, осы күрделі жұмысқа тарту көп міндеттің бірі болатын. Консорциум жұмысты қауіпсіз орындау, еңбек тиімділігі мен өндірімділігін арттыру дағдыларын дамыту мақсатында жергілікті мамандарды оқытуға кірісті.
Консорциум мақсатқа жету үшін 2019 жылдың желтоқсанында Тұңғыш ауылындағы (Бөрлі ауданы) өндірістік базасының аумағында Ғ22 материалынан құбырлық байлау арқылы дәнекерлеу үшін, доғалық дәнекерлеудің жартылай автоматты пісіру аппаратын қоса отырып, барлық қажетті құрал-жабдықты жинады. Ал 2020 жылдың ақпанында жергілікті дәнекерлеушілерді, соның ішінде доғалық дәнекерлеу аппаратының операторларын интенсивті кәсіби оқыту курсын іске қосты. Қазіргі кезде оқыту қорытындысы, біліктілік бағасы және жүргізілген сынақтар бойынша консорциум қолмен дәнекерлеудің 35 жергілікті дәнекерлеушісін, төрт жергілікті операторды даярлап шықты. Олардың бәрі қазір жобаға тартылған.
Осы консорциумды құру бастамасы ҚПО-ның қазақстандық өндірушілермен табысты әріптестігінің, сондай-ақ Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамтуда үлесін арттырудың тағы бір үлгісі.
Бүгінде ҚПО бірлескен кәсіпорындар мен корсорциумдар құру үшін шетелдік кәсіпорындар арасынан серіктестер іздеуде, жергілікті өндіруші компанияларға елеулі көмек көрсетіп отыр. Мұндай серіктестік қосымша жұмыс орындарын құруға, технологиялармен алмасуға, Қазақстанда жаңа өндірістерді дамытуға септігін тигізеді, жергілікті компанияларға жұмыс пен қызметтердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бәрімізге белгілі, жоғары сапа келешекте сатылатын өнімді халықаралық нарыққа шығарудың мүмкіндіктерін туғызады. 2020 жылдың бірінші тоқсанында ҚПО тауарлар мен қызметтерді жеткізу келісімшарттарындағы жергілікті қамту үлесі 59%-ға жеткенін атап өткен жөн.
Арман ҚҰСАЙЫНОВ