Парламент • 10 Маусым, 2020

Конференцияға қатысты

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Асқар Шәкіров пен Төлеубек Мұқашев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы ұйымдастырған бейнеконференцияға қатысты. Онда Орталық Азия елдерінің парламентшілері арасында коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл, экономикалық даму, заңнамалық реформалар және парламентаралық үнқатысу мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Конференцияға қатысты

Сенат Төрағасының орынбасары А.Шәкі­ров өз сөзінде COVID-19-ға қарсы күрес жөнін­дегі жан-жақты шаралар және оның Қазақ­стандағы зардаптары туралы айтып берді. Кез­десуге қатысушылар сондай-ақ Қазақ­стан Республикасының Президенті жария­лаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жы­рымдамасы аясындағы, атап айтқанда, бейбіт жиналыстар мен митингілерді ұйымдастыру, сон­дай-ақ партиялық жүйені нығайту мен парла­менттік оппозиция саласында жүзеге асатын демократиялық өзгерістер туралы хабардар етілді.

ЕҚЫҰ ПА төрағасы Георгий Церетели Қазақстандағы дағдарысқа қарсы қабылданған шараларға оң баға берді, сондай-ақ коро­навирустың өршуінен қатты зардап шеккен Италияның Ломбардия аймағына гума­ни­тарлық көмек көрсеткені үшін алғысын бі­л­­дірді.

Ассамблея ағымдағы жылдың соңына дейін халықаралық қоғамдастық алдында тұрған қазіргі заманғы қауіп-қатерлердің өзекті мәселелері бойынша бірқатар ұқсас вебинарлар өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.