Аймақтар • 10 Маусым, 2020

Бірегей бассейн (Талдықорған отандық су спортының орталығына айналды)

932 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жетісу атауы айтылған жерде нулы табиғаттың көркем бейнесі ойға алдымен оралатыны анық. Шын мәнісінде табиғат ананың мейірі түскен өңірді 7 өзен өрнектеп ағып жатыр. Сол себепті де аймақты жер жәннатына, жерұйыққа теңеудің астарында ақиқат бар.

Бірегей бассейн (Талдықорған отандық  су спортының орталығына айналды)

Ал таяу болашақта бұл өлке әлем деңгейіндегі спорт жарыстарын өткізетін орта­лыққа айналуы мүмкін. Оның ішінде судағы доданың Орталық Азия бойынша дің­ге­гі болуына толық негіз бар екен. Яғни осы жерден Же­тісу атауы мен Олимпиа ойын­дары тізіміне енетін су спор­ты түрлері арасынан байла­ныс іздеп көрсек. Мысалы, енді санаулы күндер­ден кейін Талдықорған қала­сында бі­регей бассейн пай­далануға беріледі. Кейінгі екі жыл кө­лемінде құрылыс қар­қыны бәсеңдемеген нысан­ның ашылуы Алматы облысы­ үшін ғана емес, тұтас Қазақ­стан­ға көзқуаныш сыйлайтыны анық. Әлемдік талапқа то­лықтай сай келетін жүзу кешені келешекте су спорты түрлерінен Олимпиа ойын­дарының жарыстарын қабыл­дауға мүмкіндік береді екен.

Екі қабаттан тұратын әрі үлкен жертөлесі бар әмбебап нысанда 4 негізгі бассейн бар. Оның екеуі дүниежүзі бойынша жарыс өткізуге лайықталған. Олимпиа ойындарына қатысатын спорт­шы­лар­дың да осы кешенде толық дайындықтан өтуіне жағдай жасалыпты. Ал ұзындығы 50 метр, ені 25 метр болатын екі бассейн бұқаралық спортты да­мытуға нақты қадам болмақ. Әсіресе бассейн құрылысы барысында балалардың суда жүзіп үйренуіне ыңғай­лы­ етіп жасалған хауыз­дар­ мен балғындарды жеңіл ат­ле­тикаға баулуға лайық­талған орындарға баса мән беріліпті. Жалпы, жабық жүзу бассейні күн сайын 750 адамға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы.

– Облыс орталығынан жа­бық үлгідегі жүзу бассейнін са­луға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық спортты дамытуға қатысты бер­ген тапсырмасы түрткі болды. Біз жобаны таңдау бары­сында барлық нұсқаларды сараптап, нысанның қаланың да­муына қосатын үлесіне мән бердік. Ғимарат за­ман­ға сай, болашақ ұрпақ сүйсіне қарайтындай үздік сәулет туындысы болуы керек деген шешімге келдік. Ма­ман­дармен ақылдаса отырып, бұл бассейн Қазақстандағы су спортының орталығына айналуы тиіс және әлемдік стандартқа толықтай сай кешен ретінде де ерекшеленуі қажет екенін ескердік. Соның нәтижесінде Талдықорғанда жаңа жабық бассейн салынды. Құрылысты еліміздегі сәу­лет өнерінің мақтанышына айналған ғимараттарды салуда тәжірибе жинаған «Bazis Construction» компания­сы қолға алды. Бұл компанияның қолтаңбасын «Алматы-Арена» кешенінен анық бай­қайсыз. Осылайша біз облыс­та ғана емес, елімізде теңдесі жоқ әмбебап кешенді іске қос­пақпыз, – дейді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Қазір бірегей бассейндегі құрылыстың соңғы нүктесі қойылу үстінде. Аумағы 27 000 шаршы метрге жететін спорт кешеніндегі жұмыс карантин кезінде де толастаған жоқ. Ендігі арнайы инвентарьлар қойылып, лед-экран, су асты камералары сияқты құрал-жабдықтармен қамту жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ғимараттың сыртқы келбетін әрлеу, кешен маңайын абаттандыру жұмыстары да аяқ­талып қалды. Айтпақшы, жабық кешеннің сыртқы пі­шіні айдында жүзген ба­лықты көзге елестеді екен.