Аймақтар • 10 Маусым, 2020

40 бойжеткен Алматыны көгалдандыруға үлес қосып жатыр

208 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері «Жасыл ел» бағдарламасының жазғы маусымында оқу орнымен қатар Алматыны көгалдандыруға үлес қосуда. Биыл студенттік жасақ құрамында 40 бойжеткен еңбек етуде, - деп хабарлайды Egemen.kz 

40 бойжеткен Алматыны көгалдандыруға үлес қосып жатыр

Атап айтқанда, Педагогика-психология факультетінің 9, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 9, Физика-математика факультетінің 6, Өнер және мәдениет факультетінің 9, Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1 және Жаратылыстану факультетінің 6 студенті маусым-шілде айларында жұмыс атқармақ. Білімгерлер университет тарапынан жатақханамен қамтамасыз етіліп, еңбекақы алады.

– Басты мақсатымыз – ару қала Алматыны абаттандыру жұмыстарына өз үлесімізді қосу. Аталған бағдарлама ая­сын­да еңбектенетін студенттер бүгінгі күнде көше­лер­ді, арық бойларын тазалап қана қой­май, футбол алаңдарын ретке келтіріп, қураған ағаштарды ке­сіп, тасжол жиектерін әктеу сияқты игілікті істер атқармақ. "Таза болса маңы­мыз, сау болады тәніміз" дегендей "Жасыл ел" жа­сақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септігін тигізетін болады, – дейді Қыздар университетінің "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының мүшелері.

"Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деген философияны өс­ке­лең ұрпаққа ұғындырып, жазғы де­малыстарын босқа өткіз­бей, жұ­мыс істеп, қосымша қаржы табуға мо­лынан мүмкіндік тудырды. Жылдан жылға жалпыұлт­тық ба­с­тамаға үн қатып, қолдау біл­діру­ші студенттердің, жалпы жас­тардың қатары артып келеді.

– Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы. Оларға қарап болашақтағы қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Со­ндық­тан да өскелең ұрпақтың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай бұру дұрыс дүние. Жал­пы, қандай елде болсын аза­маттарының, жастарының ел ісіне араласуы жақсы құбылыс. Бүгінде елімізде жастар саясаты жүзеге асырылуда. Бұл орайда көптеген игі бастамалар өз жемісін беріп келеді. Осы саясатты іске асырудың негізгі мін­деттерінің бірі – жастарды ел­жан­­дылыққа тәрбиелеу, ішкі саяси тұ­рақ­тылықты нығайту. Аталған мін­деттерді іске асыру мақсатында республика бойынша жастарды пат­риоттық тәрбиелеу іс-шаралары да әзірленген. Солардың бірі – "Жасыл ел" бағдарламасы, – деп атап өтті оқу орнындағы баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан.

 

Алматы