Аймақтар • 10 Маусым, 2020

Қостанай облысында 29 ауылға ауыз су тартылады

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін  аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов елді мекендерді сумен қамту жобаларын іске асыру жөнінде жиын өткізді.

Қостанай облысында 29 ауылға ауыз су тартылады

Биыл "Нұрлы жер" және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламалары аясында сумен қамту және кәріз құбырларын өткізу бойынша 57 жоба жоспарланған. Бұл мақсаттағы 37 жоба "Нұрлы жер", 20 жоба "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында қолға алынған. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге бюджеттен бөлінген 15,2 млрд теңге ойдағыдай игерілуде. Биыл ауылды елді мекендерде 22, қалалық мекендерде 9 жоба жүзеге асырылуы тиіс. Осылайша 31 мыңнан астам тұрғыны бар 29 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.  Сондай-ақ 5 қалада су құбыры желілері мен кәріз жүйелерінің тозған тораптары жөнделетін болады. Қалған 26 жобаны 2021 жылы жүзеге асыру көзделіп отыр.

Қазір 34,1 млрд теңгеге бағаланған 40 жобаның  сметалық жобалау құжаттары әзірленуде. Жоба толық жүзеге асырылған жағдайда екі жыл ішінде 72 мыңнан астам тұрғыны бар 67 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

 

 

Қостанай облысы