Орталық Азия елдеріндегі аграрлық саланың даму деңгейіне көз жүгіртіп көрейік. Былтыр Өзбекстанда ауылшаруашылық саласының ІЖӨ-дегі үлесі 28,7 пайызға жетіпті. Шикізат ресурсына кенде емес Түрікменстан да атакәсіпті дамытып жатқаны байқалады – 20 пайыз. Үшінші орында 19,2 пайызбен Тәжікстан тұр. Қырғызстанда ауыл шаруашылығының ІЖӨ-дегі үлесі 11,6 пайыз болса, Қазақстанда бар болғаны 4,4 пайыз.

Көріп отырғанымыздай, Орталық Азия елдерінің ішінде атакәсіптен қашықтап кеткені біздің халық екен. Жыл басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаевтың: «Ауыл шаруашылығы талай эксперимент жүргізілген, көп азап шеккен сала» екенін сынағаны осыған байланысты.
Агросекторы дамымаған елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, өз халқын өз жерінде дайындалған өніммен асырауы мүмкін емес екені белгілі. Бұл орайда еліміздің дүкен сөрелеріндегі азық-түліктің 35 пайызын импорттық өнім құрайтынын айта кетейік. Қазақстанға азық-түлік экспорттайтын 25 мемлекеттің қатарында Ресей, Украина сияқты жақын маңайдағы елдерді айтпағанда Италия, Нидерланд, Ирландия сынды Еуропа мемлекеттері, Гана, Куба сияқты дүниенің бір қиырында орналасқан елдер де бар.
Сырттан келетін өнім көп болғасын ба, әйтеуір соңғы 3 жылда азық-түліктің бағасы 30 пайыздан артық қымбаттапты. Яғни тағамды сырттан тасудың салдары теңгенің тербеліске түсуіне де әсер ететін факторлардың бірі деуге болады.
Дүниежүзілік банктің жетекші экономисі Сергий Зоряның айтуынша, COVID-19 пандемиясы Орталық Азия елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігіне, ауылшаруашылық саласы мен аграрлық сектор өнімінің экспортына үлкен қауіп төндіріп отыр. Ірі экспорттаушы саналатын 16 мемлекет биылғы наурыз-мамыр айлары аралығында өнімді экспорттауға шектеу қойды. Алдағы бірнеше айда індеттің беті қайтпаса, тауар айналымын шектеушілердің қатары толыға түсіп, экспортқа аузын ашып отырған Қазақстан сияқты елдердің жағдайы қиындап кетуі мүмкін.
– Орталық Азия елдерінде халықтың шығынының 40-60 пайызы тамақтануға жұмсалады. Карантин күшейсе, азық-түліктің кей түрінің бағасы шарықтайды, адамдардың табысы төмендейді. Ауылшаруашылық жұмысының тоқырауы, шикізатты сақтауға қатысты проблемалар, тасымал жүйесінің бұзылуы жағдайды ушықтырып жіберуі ықтимал. Одан бөлек, карантин кезінде шығынға ұшыраған жергілікті ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің несиесін жабуына қатысты да мәселе туындайды. Қорыта келгенде, 6 ай ішінде экономикалық рецессияға байланысты азық-түлікті ішкі тұтыну деңгейі құлдырап, Орталық Азиядағы мемлекеттердің ұлттық валюталары девальвацияға ұшырайды деген көңілсіз болжам бар, – дейді Сергий Зоря.
Жалпы, елімізде агросекторды экономиканың драйверіне айналдыру туралы межелі міндеттің алға қойылғанына бірнеше жыл болған-ды. Әріге бармай-ақ, былтыр салаға тартылған инвестиция көлемі жарты триллион теңгені құрап, алдыңғы жылғы межеден 41 пайызға асып түсіпті. 82 мың ірі қара, 370 мыңнан астам ұсақ мал сатып алуға «Қазагро» 63 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Тиісті министрлік таратқан ақпарға сенсек, Қазақстанда өндірілген ауылшаруашылық тауарлары әлемнің 72 еліне экспортталады екен. Былтыр экспорт көлемі 6,4 пайызға артып, 3,3 млрд. АҚШ долларын құрапты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,2 пайызға, азық-түлік өндірісі 2,4 пайызға өскен.
Алайда өндіріс көлемінің өскені 1 жылда азық-түлік құнының 10 пайыздан артық қымбаттауына тосқауыл бола алмады. Әсіресе жыл басынан бері әлеуметтік азық-түлік түріне жататын картоп, пияз, сәбіз, нан, сиыр мен қой еті, қант және басқаларының бағасы көтерілді.
Қалай болғанда да, жылдар бойы шикізат экспортына иек артқан елдердің экономикасы үшін сын сағаты туған сыңайлы. «Арпа-бидай – ас екен, алтын күміс – тас екен» деген сөздің ақиқаттығына COVID-19 пандемиясы кезінде көз жеткізген жайымыз бар. Тиісті министрлік таратқандай, аграрлық сектордағы әлеуетіміз шынымен де артты ма, әлде жоқ па, оны білетін уақыт алыс емес сыңайлы.
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар