Адамзат баласы үшін бағзы заманнан бергі басты байлық – мықты денсаулық. Бұрын басы ауырып, балтыры сыздаса, халық емшілерінің көмегіне жүгінетін, қазір медицинаның қарыштап, қарқындап дамыған заманында білікті дәрігерлерге арқа сүйейді. Адам жанының арашасы саналар ақ халаттылар мамандығы – жылдар жылжып өтсе де замана көшінен қалмай, қоғамнан ойып орын алатын, әрдайым жоғары сұранысқа ие, өз биігін сақтап қалар мерейі үстем мамандық.

Науқасқа тіршілік нәрін сыйлап, көңілінен күдікті арылтып, көзіне үміт отын жағатын, қайғысын азайтып, қуанышын арттыратын да осы абзал жандар. Дәрігерлердің дамылсыз жұмысын, науқастың өмірін сақтап қалу жолындағы өлшеусіз еңбегін бір кісідей білемін десем, артық айтқандық болмас. Оған себеп, өмірлік серігім, марқұм Төлеухан Тұрысбекұлы да осы салада жоғары санатты хирург-дәрігер болып, қырық жылға жуық абыройлы қызмет етті. Жолдасым әр сырқаттың сырын ұғынып, жанына терең үңіліп, жылы сөзін аямай, мейлінше мейірімін төге білді. Мамандығына деген махаббатының, адамдарға деген ақ адалдығының арқасында өз ортасында сыйлы, беделді болды.
Әлем жұртшылығын әлекке салып, шартарапты шарпыған коронавирус індеті біздің елімізді де сырт айналып өткен жоқ. Аспанасты елінен бастау алған ауру азуын айға білеген АҚШ, Италия, Испания, Иран, Ресей секілді медицинасы мықты деген елдердің өзін есеңгіретіп, сарсаңға салды. Бір мезетте жүздеген, мыңдаған адам мәйітке айналды. Ел басына күн туған елең-алаң шақта етігімен су кешкендер, яғни медицина мамандары мен тәртіп сақшылары жағдайды қалыпта ұстау үшін қызметтерін қалтқысыз атқарып жатқандықтарын айрықша атап өткеніміз жөн. Түн баласы кірпік қақпай, індетпен алысып, жанын сала жұмыс жасағандықтың нәтижесі болар, адам шығыны азайып, аурудан айыққандар саны артуда. Елімізде аты жаман аурудың алдын алып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау мақсатында карантин енгізіліп, көптеген мекеме жұмысын тоқтатты. Байыппен бағамдап, батыл қадамдар жасайтын басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев табысынан айырылған жандарға төменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындады және жұмыс жүйелі жүріп жатыр. Мұны Президентіміздің қиын-қыстау шақта қанатымен су сепкен қарлығаштай халыққа көрсеткен зор қолдауы әрі қамқорлығы деп білемін. Сондай-ақ міндеттерін мүлтіксіз орындап жатқан медицина қызметкерлеріне мемлекет тарапынан сыйақы ретінде қомақты сома бөлінді. Бұл да болса, басын қатерге тіккен бүгінгі күн батырларының бағаланғаны, маңдай тер мен ерен еңбектің еленгені емес пе?! Шыбын жанын шүберекке түйген әрбір адамның амандығы үшін ажалмен алысып, отбасынан жырақтап, емхананы екінші үйі еткен ақ халаттыларымызды қалай ардақтасақ та аз болар...
«Бұлыңғыр күннің артынан бұлтты түре күн шығар» дегендей, келер күндерден күтер үмітіміз мол. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлігімізді бекем етсек, еліміз еңсені езген індетті еңсеріп, көптен көксеген көңілді кездерімізбен қайта қауышарымыз хақ.
18 маусым – еліміздегі денсаулық сақтау саласы мамандарының төл мерекесі. Осындай сындарлы сәттерде сыр білдірмей, ұнжырғаларын түсірмей, ұлтымыздың тағдырына ұқыптылықпен қарап, ұстамдылық таныта ұлы мұраттарды орындап жүрген ел дәрігерлерін мерейлі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Маңдайалды мақтаныштарымызға мықты денсаулық, темірдей төзім, жұмыстарына телегей табыс тілей отырып, қалың елі қазағының ыстық ықыласы мен шексіз ризашылығына бөленсін деген ниетпен өзімнің аналық алғысымды білдіремін.
Ғалия БЕРТІСҚАНОВА,
еңбек ардагері
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар