![Мәслихаттардың белсенді жұмысы](/media/2020/06/11/unnamed-3.jpg)
Онлайн конференция байланысы арқылы өткен отырысқа Кеңес мүшелерімен қатар мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында коронавирус пандемиясы кезінде өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды. Жалпы алғанда, өкілді органдардың жұмыс орындары мен жұмысшылардың еңбекақыларын сақтау, тегін азық-түлікпен қамтамасыз ету мен санитарлық-гигиеналық көмек көрсету, азық-түлік тауарларының бағасына бақылау жасау жұмысына оң баға берілді.
Мәслихаттардың төтенше жағдайларға байланысты, әсіресе Түркістан облысында орын алған табиғи апат зардаптарын еңсеру және тұрғындарға қолдау көрсету жұмыстарына белсенді қатысқаны атап өтілді. Депутаттық корпустың өңірлердегі жұмысының мазмұны мен олардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне айрықша мән берілді. Мәслихат депутаттары өз сайлаушыларына қабылданған заңдарды, ел басшылығы белгілеген бағыт-бағдарлардың мәнін ұғынықты, кәсіби тұрғыда түсіндіруі керек. Бұл тұрғыда қарамағында 20 мыңнан астам кәсіби кадры бар Қазақстанның заңгерлер одағы қабылданған меморандум негізінде барлық өңірде жұмыстарға тартылды.
Сенатор Т.Мұқашевтің бастамасы бойынша Өңірлерді дамыту бағдарламасына ауылдық аймақтарды жан-жақты дамыту шараларына басымдық беру жөніндегі түзету қажеттігі айтылған Сенат депутаттарының Премьер-Министрдің атына үндеуі туралы мәслихат депутаттары хабардар етілді.
Кеңес сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын өңірлерде іске асыру барысымен де танысты.