Ауруға шалдыққандар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталған.⠀
Пациенттердің басым көпшілігі, нақты айтқанда 41 адам Қарағанды қаласынан. Ауру жұқтырғандар арасында Шет ауданының алты тұрғыны бар. Сондай-ақ, Теміртау, Саран қалалары мен Абай ауданының үш тұрғынынан да КВИ анықталды.
Дәрігерлердің айтуынша, жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылған науқастардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Қазіргі уақытта олар тиісті ем көмегін алып жатыр.⠀Індет ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілген.⠀
Соңғы мәліметтерге сай, Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 1 238 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде алты адам індеттен көз жұмып, 530 адам жазылып шықты.
Қарағанды облысы