Әлем • 11 Маусым, 2020

Бельгия королі ІІ Леопольдтің ескерткіші құлатылды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүние жүзінде расистік көзқарасқа қарсы саяси шерудің өрістеуіне мұрындық болып отырған  Black Lives Matters қозғалысын қолдаушылар өткен ғасырларда расизмді тудырған тұлғалардың тас мүсінін кезек-кезегімен жер жастандырып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бельгия королі ІІ Леопольдтің ескерткіші құлатылды

Атап айтқанда өткен сейсенбі күні Бельгияның Антверпен қаласында шерушілер ХІХ ғасырдың ортасында елдегі корольдік тақтың иесі атанған II Леопольдтің тас мүсінін құлатып тастады.

Бұл адам өз кезінде Африка құрлығын отарлау ісіне жанкештілікпен кірісіп, әсіресе конголықтарды қанды қасапқа салған пенде болатын.

Жоғарыдағы расизмге қарсылық танытушы қозғалыс мүшелері Ұлыбритания билігіне адамзат тарихында расистік әрекетімен танылған тұлғалар көшесін құрту жайлы талап қойып отыр.

Бұл тізімде Ұлыбританияның ежелгі королі  II Чарлес, ағылшындардың атақты теңізшісі адмирал Харатио Нельсон, Сер Францис Дрейк, отарлаушылар  Сесил Роудс, Сер Томас Гай, Сер Жон Касс, саяхатшы Хенри Мортон Стэнли, Англияның ертедегі премьер министрі Роберт Пилл  және Уильям Глэдстоун қатарлы тарихи тұлғалар бар екен.