Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Павлодарда Діни басқарманың ғұламалар кеңесі өтуде

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Діни басқарманың ғұламалар кеңесінің XXV мәжілісі өтуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда Діни басқарманың ғұламалар кеңесі өтуде

“Дәстүрлі Ислам дінін халыққа насихаттау үшін, жастарға үлгі болу үшін “Ұлы Бабалар жолы” деген бағытта осындай  рухани жұмысты бастадық”, - деді Бас мүфти.

Осындай игі мақсатпен өңірімізге келіп, Мәшһүр Жүсіп кесенесіне зиярат жасады.

“Бабалардың өмір жолынан үлгі алып, жастарға таныстырғымыз келеді. Осы жерде бекітілген пәтуалар, шығарылған шешімдер ескеріледі деген ойдамын”,- дейді.

Ал,  Діни басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров мәжілісте 8 пәтуа мен бірқатар құжаттар қабылданатынын айтты.

“Ғұламалар кеңесінің отырысында қоғамда туындаған өзекті мәселелер талқыланып, шариғаттың шешімі айтылады. Ас беру мәдениеті, зират пен зиярат мәдениеті, басқарманың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы, «Үздік зияткер имам» тұжырымдамасы сияқты құжаттарды қарастырылады”, - деді Ершат Оңғаров.

Сондай-ақ қоғам тарапынан кездесетін мәселелерге қатысты 8 пәтуа қарастырылады.

Олар дастархандағы спирт түрлерінің үкімі, сырттан әкелінген еттің үкімі, олар адала немесе харам екендіктері айтылады.

Пайдаланып отырған заттардан немесе үй сатып алуға жинаған ақшадан зекет беруге қатысты үкімдер шығарылады.

Жиында осы мәселелер ортаға салынып, соңында арнайы шешімі шығады.

Ғұламалар мәжілісінде қабылданған құжаттар мен пәтуалар кейін кең көлемде жарыққа шығарылып, еліміздегі мешіттердің қызметкерлеріне беріледі.

ПАВЛОДАР