Еңбек адамы – әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөлшегіне айналуы тиіс. Еңбек идеясы – азаматтық құлшынысты арттырып, қоғамды топтастырушы, идеялық-бағдарлық ұйыстырушыға айнала алады. Қоғамның барлық тобына тән еңбек идеясы адамдарды әлеуметтік мәртебесіне бөліп қарамастан барлығын толық қамтитын әлеуетке ие.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 5 мамырда «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «Шындықты айтсақ, шетелдерде халқымыз нағыз еңбекқор жұрт ретінде әлі таныла қойған жоқ. Бұл біздің беделімізге де едәуір нұқсан келтіреді. Қажырлы еңбектің арқасында ғана көп мәселені шешіп, мемлекетімізді дамытамыз, әл-ауқатымызды арттырамыз», деген болатын.
Әлеуметтік өмірді еңбек идеясы аясында ұйымдастыруды мемлекет дамуының алғышарты ретінде қарау орынды. Қоғамдық қатынастарда жұмыс істегісі келмейтін жастардың болуы, ауадан ақша жасап, тез табысқа кенелгісі келетін ойлардың таралуы, жеңіл жұмысты місе тұтатын адамдар қатарының көбеюі жалпы қоғамдық сананың прогрессивтілігіне қарсы салмақ тудыруы мүмкін. Соңғы оқиғалар тізбегінде күмәнді қаржылық институттардың қызметіне, эстрада жұлдыздарының лотореясына қатысу секілді патерналистік көңіл-күйді көбейтетін шараларға көптеген адамдар тартылып жатыр.
Қоғамдық санада кең етек алып кетуі мүмкін тоғышарлық, масылдық, енжарлық секілді әлеуметтік бағдарлар орнай бастағанда еңбек етуге деген ынта мен жігер азайып, жұмыс өнімділігі төмендей түседі. Адам мүмкіндіктерін асыра бағалап, еңбек нарығын қазірден цифрлы технологиялардың қолына ұстату туралы болжамдар расқа айналған күннің өзінде оның көкжиегі әзірге көз қарықтырады. Ендеше еңбек күшін ұйымдастыру, кадрға арқа сүйеу бүгінде өзекті болып қала бермек.
Осы ретте, адам капиталы туралы тұжырымдар тек озық шыққандарды марапаттап, көтермелеуге бағытталғандығын атап өткен жөн. Әлеуметтік-экономикалық саясаттың нысаны да, оның жүзеге асу нүктесі де әлеуметтік құрылымдар болып табылады. Екеуінің арасындағы берік әлеуметтік тәртіп әріптестікке ұласып, мақсатты межелерге қол жеткізуі керек. Елдің әл-ауқатының өсуі мен дамуы осы әлеуметтік тәртіптің циркуляциясына тікелей байланысты.
Елдегі коронавирус індетіне байланысты орнаған төтенше жағдай уақытында елдің қауіпсіздігі дәрігерлер мен полицейлердің қолына қарады. Сол секілді, кез келген жұмысшы күшін талап ететін салалардың барлығы қарапайым адамдардың еңбек қолынсыз бір қадам алға баспайтыны белгілі. Осы орайда, қоғамда еңбек адамының әлеуметтік бет-бейнесін қалыптастыру, адал еңбекке ынталандыру маңызды мәселелердің бірі екендігі сөзсіз.
Еңбек адамының дәрежесі мен қоғамдағы орнын айқындау бірнеше мәселелерге байланысты қажет етіледі. Біріншіден, әлеуметтік саладағы өзгерістер Қазақстан экономикасының мүмкіндіктеріне сәйкесе бермейді. Екіншіден, әсіре саясиланған топтар мен популистік ұрандардың көбеюі мемлекет деңгейінде еңбек адамының рөлін өсіруді қажет етеді. Үшіншіден, қайтымды әлеуметтік саясат. Қоғамның әлжуаз топтарына бағытталған әлеуметтік пакеттер жұртшылықтың еңбекке құлшынысына көлеңке түсірмеуі тиіс. Төртіншіден, жастарға тәрбие берудің басты құралы ретінде еңбек идеясын ілгерілету қажет. Бесіншіден, әлеуметтік жауапкершілікті көтеріп, өз тағдырын қолына алатын жетілген тұлғаларды қалыптастыру.
Әр салада еңбек адамы үшін көрсетілетін қызмет пен әлеуметтік көтермелеулерде жеңілдіктер қарастырудың идеологиялық мәні бар. Өзбекстан тәжірибесінде көше сыпырушысына үй кезегін аларда басымдық белгіленген. Ал ағылшындарда әлеуметтік стимул көзделген Виктория кресінің лауреаты қатардағы жауынгер болған күннің өзінде шеру уақытында генерал шенділердің алдында келуге толық құқылы.
«Еңбек – бәрін жеңбек» қоғамның ұранына айналу үшін де көзқарастық, ақпараттық ықпал ету құралдары арқылы үздіксіз жұмыс жүргізілуі керек. Әсіресе еңбекті бағалау, өз саласының маманы болу, адал қызмет ету тағы басқа құндылықтар басты назарда болғаны шарт.
Еңбек адамы идеясы әлеуметтік тұрлаулы күшке айналуы үшін еңбек адамының бейнелік үлгідегі әлеуметтік портретін қалыптастырған орынды секілді. Ол мұғалім, дәрігер, машинист, аспазшы болуы да мүмкін. Кәсібі мен қызметі оң бағаланған саланың еңбек адамының портреті мен түсі, формасы әлеуметтік үлгілерде (төсбелгі, мектеп формасы секілді) бейнеленіп, қоғамда адал еңбекке деген оңды резонанстық күй тудыруға бағытталуы тиіс. Бұл ретте, еңбекке ынталандырудың басқа да ойластырылған әдіс-тәсілдерінің жүйесін әзірлеуге болады.
Қорыта келгенде, еңбек адамы идеясы жалпы халықты еңбекке жұмылдырып, еңбек адамына деген құрметті арттыруы тиіс.
Маркетинг дамыған заманда ірілі-ұсақ компаниялар еңбекке ынталандырудың түрлі тәсілдерін өндіріске ендіруде. Мұндай жекелеген мысалдар арқылы олардың табысты кәсібінің құпиясын түсіндіруге болар еді. Сол секілді, мемлекет деңгейінде тұтас бір идеологиялық қондырма арқылы еңбекке деген адамдардың қарым-қатынасын өзгертіп, халықтың әл-ауқаты мен табысының артуына қол жеткізуге болады.
Жалпы еңбек адамы идеясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай келеді. Онда кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылтуға мүмкіндік беретіндігі айқындалған. Еңбек адамына мемлекет тарапынан мәртебе белгілеп, көтермелеу маңызды. Бұл адамдарды сенімділікке, жеке белсенділікке, мақсаттар мен ойлардың бірлігі арқылы тұрақтылық пен үйлесімділікті қамтамасыз етуге атсалысуға үндейді. Осылайша қазіргі тарихтың ең қиын сәттерінде өзімізді және мемлекеттілігімізді сақтау үшін бойымызға жақсы қасиеттерді, құндылықтарды қалыптастырамыз. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда еңбек адамы идеясы өзінің үлесін қосары сөзсіз.
Нұрғиса КӨШЕРОВ,
саясаттанушы
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Бүгін, 17:22
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Бүгін, 17:15
Тыйым салынған заттарды колония аумағына кіргізбек болған алматылық кәсіпкер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:06
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Елбасы кітапханасында «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстелі өтті
Қазақстан • Бүгін, 16:45
Елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Алматы: Коронавирустың алдын алуға барлық эпидемиологтар қатысады
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Мемлекеттік хатшы: Тоталитаризмнен зардап шеккен көп халыққа қазақ жері пана болды
Үкімет • Бүгін, 16:26
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Бүгін, 16:15
Атыраудың дәрігерлері «Туған елге мың алғыс!» челленджін ұйымдастырды
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Елордадағы табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары берілді
Қоғам • Бүгін, 15:59
Шымкенттік спортшылар стенд атудан әлем кубогінде қола медальге ие болды
Спорт • Бүгін, 15:51
Шымкентте азаматтар 30 мамандық бойынша тегін қысқа мерзімді кәсіптік білім ала алады
Аймақтар • Бүгін, 15:49
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:38
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:21
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:20
Үкімет • Бүгін, 15:17
Наурыз айында ел аумағында ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар кестесі жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 15:01
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:30
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
Елорда • Бүгін, 13:50
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Сенаторлар адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша заң жобасын қарайды
Парламент • Бүгін, 13:22
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Бүгін, 13:15
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:11
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Бүгін, 13:00
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Бүгін, 12:53
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 12:48
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Бүгін, 12:18
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған кездесу өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:13
ГМ-172/10 мекемесінде Ж.Жабаевтың 175 жыл толуына орай мерекелік іс-шара аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Ерлан Тұрғымбаев: Учаскелік пункттер желісін кеңейту керек
Қоғам • Бүгін, 12:07
БЖЗҚ салымшылары жинақтарын интернет арқылы бақылай алады
Экономика • Бүгін, 12:04
Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Нұрлан Нығматулин: Алғыс айту күні - жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелейтін ерекше мереке
Парламент • Бүгін, 11:30
Созақтық полицейлер боранда жолда қалғандарды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 11:15
40-қа жуық адамды ажалдан арашалаған шымкенттік дәрігер туралы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Алтай Көлгінов бүгінгінің батырларына алғыс айтты
Қоғам • Бүгін, 11:09
Әлем халықтарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар?
Әлем • Бүгін, 10:45
Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» қайта енді
Коронавирус • Бүгін, 10:41
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Қоғам • Бүгін, 10:36
Жандарбек Бекшин дәрігерлерге алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Қазақстанда «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді - А.Цой
Медицина • Бүгін, 10:32
Қазақстанда ломбардтар жабылады
Экономика • Бүгін, 10:30
Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық вирусқа қарсы вакцина қабылдайды
Медицина • Бүгін, 10:27
Алматыда Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктердің басшылары ҚХА аллеясын отырғызды
Руханият • Бүгін, 10:26
Келер жылы дәрігерлердің жалақысы қанша болатыны айтылды
Медицина • Бүгін, 10:21
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Ержан Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:15
Отандасымыз мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy додасында қола жүлдеге ие болды
Спорт • Бүгін, 10:13
Мәулен Әшімбаев: Қоғамда Алғыс айту күні бұқаралық сипатқа ие болып келеді
Парламент • Бүгін, 10:08
Б.Сағынтаев алматылықтарға ынтымақтастық пен өзара көмектері үшін алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Шымкентте отбасылық бизнес дамып келеді
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды
Медицина • Бүгін, 09:50
Асқар Мамин: Береке-бірліктің арқасында алға қойған мақсаттарымызға жеттік
Үкімет • Бүгін, 09:38
Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады
Елбасы • Бүгін, 09:28
Мемлекет басшысы қазақтандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:23
Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні
Руханият • Бүгін, 09:13
Өткен тәулікте 547 науқас қауіпті індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Ұқсас жаңалықтар