Спорт • 12 Маусым, 2020

Чемпионат елордада жалғасады

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футбол федерациясының шешімімен футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионатын 3 шілдеде бас­талатын болды. Бұл туралы «Қайрат» клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Чемпионат елордада жалғасады

Футзалдан өтуі тиіс барлық ойын Нұр-Сұлтанда ұйымдасты­рылады деп жоспарланған. «Қайрат» футзал клубы алғашқы ойы­нын 3 шілдеде «Атырауға» қарсы өткізеді. Жарыстың толық кестесі алдағы уақытта жарияланады.

Айта кетейік, биылғы ел чемпионатына барлығы сегіз команда чемпиондық үшін таласып жатыр. Атап айтар болсақ, «Қайрат», «Ақтөбе», «Атырау», «Аят» (Рудный), «Бәйтерек» (Орал), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау) және «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары. Үзі­ліс­ке дейінгі жағдай бойынша, турнир кестесінде «Қайрат» ко­мандасы 44 ұпаймен көш бас­тап келеді. Одан кейінгі орындарда «Ақтөбе» (36), «Аят» (35) жайғасқан.