Әлем • 12 Маусым, 2020

Түркия туристер үшін шекарасын ашты

853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия шетел азаматтарының елге кіріп-шығуына рұқсат берді. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Түркия туристер үшін шекарасын ашты

Мұндай шешім Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған басшылығымен өткен Министрлер кабинеті отырысынан кейін қабылданды.

Әуе тасымалы денсаулық сақтау, сыртқы істер және көлік министрліктерімен бірлесіп үйлестіріледі. Түркияға келген түрік және шетел азаматтары медициналық тексерістен өтеді. Жаңа үкім елдің барлық аймағына таратылды.