Құқық қорғау ұйымдарының өкілдері карантинге байланысты барлық санэпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Маңғыстау облысындағы колонияға барды. Бұдан бұрын, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесінің жанында осы мекемеге әскер енгізіп, сотталғандарды ұрған деген сыбыстармен бір топ туыстарының жиналғаны хабарланған болатын. Бейнежазбаға түсіре отырып, Ұлттық алдын алу тетігінің өкілі сотталғандардан мекемеге әскердің енгізілгені туралы сұрастырып, бұл сұрағына сотталғандар теріске шығарып жауап берген. Құқық қорғау ұйымдарының өкілдері асханаға, демалыс клубына, жатын бөлмелерге барды. Әрбір үй-жайда сотталғандармен сөйлесіп, өздерінің жазасын қандай жағдайда өтейтіндері туралы толық сұрақтар қойылды. Аралаудан кейін, ҰАТ өкілдері туыстары мекеменің жанына жиналған әрбір сотталғандармен әңгімелесті. Олардың әрқайсысынан, оларды қызметкерлер немесе сотталғандармен тарапынан ұрып-соғудың орын алғандығы, әлде алмағандығы жайлы сұралды.
Сондай-ақ әңгімеге бұдан бұрын телеарнада көрсетілген видеоүндеу жасаған сотталған адам да шақыртылды. Құқыққорғаушылар кінәлі адамдарды жазалаудың бұлтартпастығы туралы мәлімдеп, өтініш жазуды ұсынды, алайда оның өзінің сөздерін өтірік деп тапқан жағдайда жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертті. Құқыққорғаушылардың бұл ұсынысына сотталушы бас тартумен жауап берді.
Сонымен қатар, мекеме өкілдері де осы дерек бойынша сотталғанның ағасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын айтты. Қазір бұл материал одан әрі процессуалдық анықтау үшін облыстық прокуратурада. Аралаудан кейін, Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық - атқару жүйесі департаменті ғимаратында, аралау кезіндегі бейнежазбаны көрсете отырып сотталғандардың туыстарымен кездесу өтіп, туындаған сұрақтарына жауаптар берілді.
Маңғыстау облысы