Спорт • 15 Маусым, 2020

Лионель Месси тағы бір рекордты жаңартты

45 рет көрсетілді

"Барселонаның" сапында жасындай жарқырап жүрген аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Испанияның Ла Лигасында 12 маусым бойы 20-дан аса гол соққан тұңғыш футболшы ретінде тарихта қалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл нәтижеге ол коронавируске байланысты ұзаққа созылған үзілістен кейін қайта жалғасып тапқан Испания чемпионатының 28 турында қол жеткізді. "Мальоркаға" қарсы кездесуде қонақтар алаң иелерінің қақпасына жауапсыз төрт доп соқты. Алғашқы үш голды Артуро Видаль (2 минут), Мартин Брейтуэйт (37 минут) және Жорда Альба (79 минут) салса, бәсекенің аяқталуына санаулы ғана секундттар қалғанда Лионель Месси нысананы дәл көздеп, матчтың соңғы нүктесін қойды. Сонымен қатар, Аргентинаның жұлдызы екі рет нәтижелі пас бергенін де айта кеткен абзал. Бұл – оның биылғы маусымдағы 20-шы голы.

Ал осыған дейінгі чемпионаттарда Лионель Месси осыншама рет қарсыластар қақпасын дәл көздеген еді:

2008/09 – 23 гол

2009/10 – 34 гол

2010/11 – 31 гол

2011/12 – 50 гол

2012/13 – 46 гол

2013/14 – 28 гол

2014/15 – 43 гол

2015/16 – 26 гол

2016/17 – 37 гол

2017/18 – 34 гол

2018/19 – 36 гол  

Соңғы жаңалықтар

«Барыс» ұтты, есеп теңесті

Хоккей • Бүгін, 23:29

Теріскейдің Самалы

Руханият • Бүгін, 23:22

«Құрманжан датқа» қандай фильм?

Руханият • Бүгін, 23:11

Коронавирус гүл арқылы жұға ма?

Коронавирус • Бүгін, 17:08

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 16:37

«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты

Аймақтар • Бүгін, 13:25

Ұқсас жаңалықтар