Өнердің тәттісін таңдайында тамылжытып, ащысын маңдайында моншақтатқан өнерпаз тұлғалар аз емес. Қазақтың ән рухын жаңа белеске көтеріп, кешегінің қамбасында қалған қазынаны келешектің кәдесіне жаратқан жүйріктің бірі – жезтаңдай Жүсіпбек еді. Елебековтер еңсеріп өткен жол – қазақтың адаспас ескі сүрлеуі сияқты бағыты айқын, келешегі кемел, мұраты биік соқпақ. Әдебиетте Абайдың жолы десек, әнде Жүсекеңдер салған дара даңғыл әлі күнге дейін қазақ әнін қызғыш құстай қорғап, қанатының астында қамқорлығын аямай келеді.

Алайда сонау әншілік өнердің ақиығы атанған Елебековті, есімін алтын әріптермен өрнектеуге тұрарлық тұлғаны бүгінде елеп-ескеруіміз еңкіш тартып бара жатқандай ма, қалай?
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысын – қазақ ән өнерінің «Алтын ғасыры» деуге болады. Олай дейтін себебіміз, осы уақыт аралығында Біржан сал, Ақан серілер бастаған қазақтың бекзат сипаты тарихи сахнаға көтеріліп, ән шаңырағымыздың уығы биік шаншылып жатты. Одан бері қарай сол ұлық өнерді Әміре, Иса, Қалилар бастап Манарбектер жалғастырып, қазақтың төл сарыны кереге қанатын тіпті кең жайды. Шоқтығы биік сол шоқ жұлдыздардың ішінде Жүсекең де жүрді. Оны классик Мұхтар Әуезовтің өзі: «Жүсіпбек әншіліктің ғана емес, адамгершіліктің де академигі» деп бағалайды. Ұлы қаламгер әншіні үнемі бауырына тартып, Абай әндерін келелі кеңестер мен маңызды жиындарда орындатып отырады екен. Бірақ бүгінде осы бағаның бәсі биіктеудің орынына бәсеңдеп бара жатқандай...
Әйтпесе, Абай шәкірттерінің бірі, әнші Әлмағамбеттен хакім әндерін түпнұсқамен түгел жеткізген қайраткер қазақтың есімі ел назарынан тыс қалмас еді. Тіпті Жүсіпбек болмаса Абайдың әндері үнтаспаға жазылып, нотаға түсіріліп, біздің заманымызға жету-жетпеуінің өзі екіталай шығар. Атап айтсақ «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Желсіз түнде жарық ай», «Бойы бұлғаң», «Ата-анаға көз қуаныш», «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Айттым сәлем, Қаламқас» сияқты әндерді кешеден бүгінге жалғап жатқан алтын көпір – Жүсекең жолы.
Жалпы, топырағы әнге толғатқан қасиетті Қарқаралының бұрынғы Қу болысында, қазіргі Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосына қарасты Қаратау (қазір Н.Нұрмақовтың атында) ауылында дүниеге келген Жүсекеңді бар қазақ білуі керек деп есептейміз. Тіпті қара домбырасын құшақтап қазақ әніне ат қосқан әр талапкер әншіліктің әліппесіндей Жүсіпбек Елебековтің есіміне қарыздар десек қателеспейміз.
Әрине, Жүсіпбек есімі жалпы елеусіз, ескерусіз қалды деуден аулақпыз. Әр жылдары өтіп келе жатқан әнші атындағы республикалық дәстүрлі әншілер байқауы бар. Сондай-ақ әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутайдың «Жүсіпбек Елебеков» ғұмырлық хикаятын, «Қазақфильм» түсірген деректі фильмді атап өтуге болады. Бірақ өкінішке қарай өнерпаздың өзі туған өңірінде Елебеков есімімен аталатын облыс аумағы тұрмақ, Қарағанды қаласында не көше, не музыкалық колледж, не мектеп жоғына қайран қаласың... Бұл сал-серілердің берекелі бесігіндей болған Сарыарқа жұртшылығына, оның тұтқасындағы ел ағаларына, азаматтарына үлкен сын деп білеміз.
Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде атап өтіліп жатқаны белгілі. Осы ретте халық әндерін, соның ішінде Абайдың ән мұрасын ұрпаққа аманаттап, бізге жеткізушілердің бірі және бірегейі Қазақ КСР-нің халық әртісі Жүсіпбек Елебековтің есімін Қарағанды қаласында жаңадан бой көтеріп жатқан шағын ауданға берсе де артық етпес еді. Бұл әрбірден соң Абай Құнанбайұлының мерейтойына Қарағанды облысы атынан қосқан үлкен бір үлес болары анық.
Жүсекең десе, көз алдымызға қазақтың қатепті қара нары елестер еді. Қазақ үшін қалтқысыз қызмет етіп, әншілік қана емес, сахналық қойылымдарда да салмақты рөлдерді сомдай жүріп, ұлттық ән өнерінің қабырғасын қаласқан, іргесін бекітіскен бірегей тұлға санамызда сұлбаланар еді. Жүсекең қалыптастырып кеткен қабырғалы мектеп әншімін деген әр қазаққа алыстан сәуле шашып тұрған адастырмас темірқазық сияқты. Біздің бұл сөзімізді сал-серілердің сарқытынан сабақ алған шәкірттер Қайрат Байбосынов, Ғалым Мұхамединдер бастаған, оның әндеріне мұрагер әр әнші қоштайды деп білеміз. Жалпы, Жүсекеңнің шырақшылары ғана шыр-шыр еткенмен жұмыс бітпесіне көзіміз әбден жеткен. Жезтаңдай Жүсіпбектердің тамыры Қарқаралыныкі болғанымен, қадірі қалың қазаққа ортақ тұлға екенін тағы да тереңдетіп айта беруге болар еді. Алайда асқақ тұғырды аласартып алудан қорқамыз...
Абайдан қалған асыл қазынаның бірі – хакімнің әндері болса, сол мұраны бүгіннен болашаққа жетелеген, кеше мен бүгінді жалғаған, ескі мен жаңаны тұтастырған тұлға Жүсіпбек жолы біз үшін Абай жолындай айқын – Алтынкөпір.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар