Әлем • 16 Маусым, 2020

Арктика мен Антарктикаға қызығушылар көп

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дональд Трамп осы онжылдықтың соңына дейін Арктика мен Антарктика аймақтарында АҚШ-тың белсенділігін арттыру үшін жаңа мұзжарғыш кемелер мен арнайы базаларды жасақтау туралы тапсырма берді. Мұз ери бастағаннан бері бұл жақтың табиғи ресурсына көз тіккен Ресей мен Қытайға енді АҚШ бәсекелес болмақ.

Арктика мен Антарктикаға қызығушылар көп

«Арктика мен Антарктикада АҚШ-тың ұлттық мүддесін қорғау» деп аталатын құжатқа сәйкес президент әкімшілігі 60 күн ішінде жаңа жоспар әзірлеуі керек. Онда 2029 жылға дейін үш ірі мұзжарғыш кеме жасау мен АҚШ пен өзге ел аумағында орналасатын 4 базаның құрылысына қатысты ұсыныстар болуы қажет.

Қазір АҚШ-та бір ірі және бір орташа мұзжарғыш кеме бар. Ал Ресейде осындай кеменің 40 данасы бар. Одан өзге Финляндияда 7, Канада мен Швецияда 6 мұзжарғыш кемеден бар екен.

Ресейдің Арктикаға қызығушылығы айтпаса да белгілі, шекаралас аймақ ретінде ондағы табиғи ресурсты өндіру үшін көршілес ел әлдеқашан қамданған. Бұл жарысқа шекара бойынша қатысы жоқ Қытай да қосылған еді.

Д.Трамптың меморандумында жаңа мұзжарғыш флот «ұлттық және эконо­ми­ка­лық қауіпсіздік» мақсатында қолда­ны­лады делінген. Оның ішіне табиғи ре­сурсты барлау мен өндіру, суасты ка­бель­дерін төсеу кіреді. Жаңа теңіз жол­­дары мен Арктикадағы мұнай-газ ре­сурс­тарына таластың қоршаған ортаға кері әсері жайлы да алаңдаушылық аз емес.