Текке тарту, қанға қызу деген ұғым қазақта әлімсақтан бар. Ол үлкенді қойып, шетке кеткен баланың бойынан да табылып жатады. Бұған 2001 жылы мұхиттың арғы жағындағы АҚШ-қа «аттанған» ұрпақты іздеп барғанда көзіміз жеткен. Құшағыңа ұмтылған ұлды, етегіңнен тартқан қызды көріп, қанға тарту деген осы екен-ау дегенбіз.
Соңғы кездері сол шетке кеткен ұл мен қыз қанына тартып, Отанын, елін, бауырын іздей бастапты. Қазақ топырағынан бір жасында көз жазған, аты Марат, тегі Оразғалиев, арғы бетте Теодор атанған ұл жасы жиырмаға жеткенде Өскеменде тұратын ағасы Рүстемді, апайын іздегені әлеуметтік желіде, басылымдарда жан-жақты жазылып жатыр.
Рүстем бауырының шетел асып кеткенін жетінші сыныпта оқып жүргенде біліпті. Оның сауал салғанын естігенде көңіл күйі әлей-дүлей болыпты. Екі құрлықта жүрген екеуінің суретін көргенде «Еркек тоқты бұралқы болып сіңбейді екен-ау!» деген ұлттық қағида ойға оралып, ет жүрегіміз езілді, жанарға жас толды.
Теодор-Мараттың АҚШ-тағы ата-анасы қазақ екенін әркез есіне салып, Өскеменде туыстары барын да айтып жүреді екен. Ес кіргеннен кейін сол Өскемен қаласын, туысын көрсем деген сезім көкейінен кетпепті. Жатса да, тұрса да ойынан Өскемен қаласы, Ертіс өзені, бауырлары шықпапты. «Қазақ жері қандай, халқы қандай екен, руымды білсем», дейді Теодор. Ағасы екеуі Өскемендегі балалар үйінде жүргенде бірінен-бірі қол үзген екен.
Екі ұлдың аңсарын естіп, ес жия алмай жүргенде АҚШ-қа кеткен Салтанат (Ашқанова) – Азия да ата-анасын іздеп жар салды. «Мені Қазақстанның Семей қаласынан бір жас төрт айлығымда асырап алған екен. Өзімнің биологиялық ата-анамды табуға шешім қабылдадым», дейді де: «Мені асырап алғанын бұрыннан білетінмін. Анамның шашы сары, көздері көк. Сырт келбетімізде айырмашылық байқалады. Ал ата-анам да асырап алғандарын жасырған жоқ», деп олардың өзімен ашық сөйлесетінін, әкесінің туған жерді білу маңызды деп жиі айтатынын есіне түсіреді.
«Үйімізде Қазақстан жайлы кітап көп. Қай жерден екенімізді біле бермеймін, алайда баққан ата-анамның жақсылығына дән ризамын. Сыртта жүрсем де Қазақ елі туралы жат пікірде болған емеспін. Туған ата-анамды да кінәламаймын. Оларда бір қиын жағдай болған шығар», деп баққан ата-анасының көп саяхаттайтынын, өзге елдерге барғанда алуан түрлі күй кешетінін айтады. «Егер мен Қазақстанға барсам, сондай күйде болуым мүмкін шығар», дейді Азия Бергер.
Иә, ана ғасырдың соңындағы аласапыранда дархан даласы бар Қазақ еліне ұмтылғандар аз болған жоқ. Олардың қатарында бала асырап алуға талпынғандар да жетіп артылды. Олардың сондағы айтқан сөзі: «Біз сырқат балаларға қол созамыз, ақыл-есі кемдерге көмек береміз, тұқым қуалайтын ауруға шалдыққандарға дем береміз», десті. Тіпті кейбіреулері 1993 жылы Гаага Конвенциясына қосылғанымызды желеу етті.
Шынында, АҚШ-тағы бала асырап алушылар олардың тек тамырын, қайдан алғанын, егер биологиялық ата-анасы белгілі болса оны да бүкпейді. Әр балаға жеке бөлме дайындап, оның ішіне Қазақстаннан апарған дүниелерді, кітаптарды, арасында көк Туымызды да керегеге іліп қоятындар аз кездеспейді.
Шетелге кеткен балалардың тізімін анықтау ісі 1998 жылы қабылданып, 1999 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген «Неке және отбасы туралы» заңнан кейін ғана мүмкін болды. Сол кездегі деректерге ден қойсақ, жұртынан көз жазып қалғандардың саны – 1797 екен. Кейін бұл сан өсе берді. Қазір 10 мыңға таяп қалды. Сол 1999 жылғы есептегі 1797 баланың 250-нің ғана дерегі Білім және ғылым министрлігінде бар болып шықты, ал қалған балалардың қайда «сапарлағанын» ешкім білмейді.
Сол жылдары АҚШ-тың шетелдерден бала асырап алу жөніндегі халықаралық агенттіктер мен қорларының санын нақтылай түссек, 1999 жылдың 1 желтоқсанында – 11 болса, 2000 жылдың наурызында – 15-ке, 2001 жылы – 23-ке, одан кейін 50-ге таяғаны мәлім.
Жаңа заң қабылданғанға дейін, одан кейін «Шырылдаған сәбиің жатқа кетті, көздері жәудіреген жетімдерді шетелдіктер әкетіп жатыр», «Жетімдерді жерге неге қараттық, онымен қоймай Отанынан айырып, жат жұртқа жіберудің жөні қайсы?» деген тақырыптарда мақалалар тізбегін жаздық. «Қазақ теріс мінезін өзі істеген ісінің қатесі шоқпардай болып, өз басына тисе тез түзеледі» деп Мұхтар Әуезов айтпақшы, бұл тақырып сол кездегі журналистер қауымының негізгі желісіне айналып еді. Халық қалаулылары да бұл қалай деп үн көтерді. Сол кездегі Бас прокурор Р.Түсіпбековке Парламент Мәжілісінің депутаттары Қайрат Шалабаев, Уәлихан Қалижан, Амалбек Тшановтар депутаттар сұрау салды.
«Жетімін баға алмайтын біз қандай елміз, өзіміз пансионаттың, интернаттың тамағын ішіп, киімін киіп осы әлетке жетіп едік, иман қайда?» деп Шерағаң, Шерхан Мұртаза шамырқанды.
Осыдан кейін бе, бала асырап алуды әдетке айналдырған агенттіктер мен қорлар 2001 жылы Америкадағы ұл-қызымыздың жағдайы жақсы дегенге көз жеткізу үшін сапарлатты. Бардық. Жеті штатын араладық. Ауру бала көре қоймадық, бағуына шәк келтірмейміз. Бірақ ес кіргендері төңіректеп жүргенде жан дүниең жылап қоя береді.
Сол сапарда Вашингтонда тұратын Алдияр деген баланы көрдік. Джимми-Айжамал есімді сүйкімді қызды кездестірдік. Эли-Наташа деген қазақ қызын асырап алған Кэрол Холкомбтың айтқан әңгімесі ойға қалдырды. Эли-Наташа төрттен асқанда сіңілі керек екенін, ол өзінен аумайтын болсын деген талабын қояды. Анасы Қазақстанға келіп бес айлық Хилари-Аиданы асырап алып, барғанда Эли сіңлісінің ең алдымен көзіне қарап, одан соң бетінен сүйіпті. Құшырлана қысып, алдына алып отырыпты. Біз әпкелі-сіңлілі екі балапанмен де дидарластық. Көздің жауын алатын қазақтың қара торы қыздары.
Агенттік ұйымдастырушылары екі айға алып барып еді. Әр баланы көрген сайын көңіл бұзылып, жүрек шымырлай берді. Оның үстіне ұл мен қыз төңіректей бергенде, шыдау мүмкін емес. Тіпті Алекс-Әлібек деген алты жасар бала бізді апарған көліктің ішіне отырып алып, бірге кетемін деп әлек салғанына да куә болдық. Осындай ауыр көріністерден кейін екі ай емес, он бес күннен кейін кері қайтуға бел байладық. Отанымызға оралған соң ол балалардың бәрі мына заманда Бейбарыстай болар ма екен деген күдікті алға тартып, мақала жаздық. Тіпті ұл-қыздың алдында адалмыз ба деген ойды өрістете келіп, сапардағы көрген-түйгендерді арқау ете отырып 2004 жылы «Ар алдында...» деген кітап та шығарған едік.
Енді қарап отырсақ, сол кездегі балдырған ұл мен қыз бірі бой жетіп, екіншісі ер жетіп атажұртын іздей бастапты. Шынында, Бейбарыстың таза қаны мен ел деген шыбын жаны бұларда да болғаны ғой. Ендігі айтпағымыз, ес жиған сол ұрпақты біз іздесек, қай ұл қай жерде жүргенін, қай қыз қай отбасында тәрбиеленіп жатқанын зерделесек, қане? Тіпті келем дегендерін, оралуға ұмтылғандарын бауырға тартсақ та артық болмас еді. Оны тиісті орындар қазірден бастап ұйымдастырып жатса, еш артықтығы жоқ. Атажұртқа оралып жатқан бүгінгі қандастар қызыл империяның кесірінен жер ауып кетсе, мына ұрпақ біздің ыждағатсыздығымыздан шетел асқанын мойындауымыз керек секілді.
Егер дәл қазірден бастап «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын», деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзіне бағып, сол балаларға қамқоршы болсақ деген тілек бар. Бұлай деуімізге себеп, АҚШ-та қазақ секілді баласын ер жеткен соң да қасынан тастамайтын қасиет кем. Оларда он сегізге толған бала өз күнін өзі көруі тиіс дейді. Біз ой бөліскен ата-аналар «Он сегізге келгеннен кейін АҚШ-тың емес, Қазақ елінің азаматтығын аламын десе, қарсылығымыз жоқ», деген.
Ендеше, М. Әуезов айтқан «Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар: бірі тіршілік қамы, бірі адамшылық қамы». Оңалып келе жатқан тіршілігіміз бар, енді адамшылық қамы мен 10 мыңға таяу шетелдегі балапандарымызды түгендеп, атажұрты бар екеніне көздерін жеткізсек – ұрпақ алдындағы парыз бен қарыздың адал өтелгені болар еді.
Сүлеймен МӘМЕТ,
журналист
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Кеше
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Кеше
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Кеше
Қаржы • Кеше
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Кеше
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Кеше
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Кеше
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Кеше
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Кеше
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар