Қазақстан • 16 Маусым, 2020

Қазақстанның халық саны 18 млн-нан асты

1008 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны 18711,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11004,5  мың (58,8%), ауылдықтар –7706,7 мың адамды (41,2%) құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Қазақстанның халық саны 18 млн-нан асты

111

2019 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 242,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (63,7 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (55,5 мың адам) және Түркістан облысында (33,1 мың адам) қалыптасты.

 15-3kz2