Аймақтар • 16 Маусым, 2020

TikTok желісінде видео түсірген ауыл әкімі жазаланды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы Жайрем кентінің әкімі Аманқазы Наукенов TikTok желісінде билеп, видео түсіргені үшін жазаланды, - деп жазады Egemen.kz

TikTok желісінде видео түсірген ауыл әкімі жазаланды

Әкім мамырдың соңында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған флэшмобқа қатысқан.

"Қаражал қаласының әкімі шенеуніктің креативті ойын бағаламады. Тіпті Наукеновтің әрекеті қызметке толық сәйкес келмейтіні туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды", делінген әкімдіктің сайтында.

Видеода ауыл басшысымен бірге кәсіподақ комитетінің төрағасы, мәдени-демалыс орталығының директоры және ұйымның бірнеше қызметкері билеген. Сонымен қатар аталған жағдайға байланысты Қаражал қаласының полиция бөлімі мен Қаражал қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс аясында шаралар қабылдап жатқаны белгілі болды.