Қарағанды облысында шалғайдағы бірнеше ауданда жергілікті тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына тікелей ықпал ететін денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің (ДШСК) құрылысы екпінді түрде жүргізіліп жатыр. Мысалы, облыстық бюджет қаражаты есебінен Қарқаралы қаласында 320 орындық ДШСК құрылысы басталады. Осы ауданның Егіндібұлақ кентінде дәл осындай кешеннің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентінде 320 орындық кешеннің құрылысы биыл салынып, Ақсу-Аюлы ауылында спорт мектебі ғимаратының қасбеті жөнделді.
2020 жылға арналған «Еңбекпен қамтудың жол картасы» бойынша республикалық бюджет есебінен сегіз спорттық нысанның құрылысы басталады. Мұның ішінде Атасу және Нұра кенттеріндегі жүзу бассейндері бар. Сондай-ақ Қарсақбай ауылында 100 орындық, Ұлытау ауданының Жезді кентінде және Ақтас елді мекенінде 160 орындық спорттық сауықтыру кешендері салынатын болады.
Қарағанды сынды ірі қалада бір ипподромның жоқтығы көптен бері айтылып келе жатқан түйткілді мәселенің бірі еді. Биыл оның да шешімі табылғандай. Бүгінгі күнде атшабарға арналған 50 гектар жер телімін ресімдеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар облыс орталығында бұқара халыққа қажетті бұдан басқа да бірқатар спорт нысаны бой көтермекші. Мысалы, қазіргі уақытта құрылысының аяқталуы келесі жылға деп жоспарланған үш мың адам сыятын футбол манежі мен күрес орталығының жобалау-сметалық құжаттамаларына түзетулер енгізілуде. Ал кеншілер астанасындағы 50 метрлік жүзу бассейнінің құрылысына бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген.
Қазіргі уақытта «Шахтер» стадионында күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Стадионда трибунадағы орындықтар ауыстырылып, ғимараттың қасбеті әрлендіріледі. Сондай-ақ спорт нысанының ішіндегі шешінетін орындар, жуынатын бөлмелер жөндеуден өткізіледі. Бұдан басқа, стадионда астынан жылытылатын және автоматты суару жүйесімен қамтамасыз етілетін көгал төселеді. Яғни жұмыс толық аяқталған соң, футбол алаңы төртінші санатқа сай және Қазақстан футбол федерациясы мен УЕФА талаптарына сәйкес келетін болады.
Облыстағы екінші ірі қала Жезқазғанда ескек есу спорт мектебі есу базасының да жобалау-сметалық құжаттамалары жасалып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанды 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Спорттағы құрылысқа демеушілер де ден қоя бастады. Мысалы, жеке кәсіпкерлердің есебінен Теміртау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Пришахтинск елді мекенінде спорттық сауықтыру кешені, теннис орталығы, үстел теннисі орталығы, триатлон-парк салынып жатыр.
Облыста биыл бірнеше бассейннің құрылысы басталды. Атап айтар болсақ, Шахтинск қаласында, Жаңаарқа ауданындағы Атасу кентінде және Нұра ауданындағы Нұра кентінде жүзу бассейндерінің құрылысы басталып кетті.
Қарағанды облыстық дене- шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев биылғы жазда Қарағандыдағы теннис орталығы, Қарқаралы мен Теміртаудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілетінін айтады. Ал жылдың соңына таман Жаңаарқа ауданының Атасу кентіндегі жаттығу залы бар жабық жүзу бассейнінің, Қарсақбай кентіндегі 100 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталмақшы.
Бүгінгі күнде аталған басқарма тарапынан құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан мердігерлерге қойылатын талап күшейген. «Біз үшін құрылыстың сапалы жүргізілгені өте маңызды. Сол себепті, дәл қазіргі уақытта ауқымды түрде жүріп жатқан жұмыстардың барысын жіті назарда ұстайтын боламыз», дейді Темірхан Абылаев.
«Спорт саласындағы қолға алынған жобалардың жүзеге асуы облыс басшылығының тікелей назарында. Сол себепті, жауапкершіліктің жүгін сезіне отырып, ортақ істің мүддесі үшін жергілікті әкімдіктермен, мердігерлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге тура келеді», дейді Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев.
Қарағанды облысы
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар