Мысалы, полиция қызметкерлері Түркістан-Кентау тас жолы бойында “Ауди” маркалы автокөлігін тоқтатып тексерген кезде полиэтилен пакетке оралған хош иісті, жасыл түсті есірткіге ұқсас зат табылған. Күдікті Кентау қаласының тұрғыны болып шықты. Сараптама тағайындалып, зерттеу қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған өсімдіктің салмағы бір келіден астам “марихуана” екені анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс аясында, күдіктінің үйіне тінту жұмыстары жүргізілген. Тұрғынның сарайында тұрған кір жуғыш машинасының ішінен полиэтилен пакетке оралған жасыл түсті «марихуанаға» ұқсас салмағы бір келіден астам өсімдік алынды. Сараптамаға сәйкес ол да “марихуана” екендігі белгілі болды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелген. Тәртіп сақшылары екі келіден астам марихуана тәркілеген күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы