"Егер коронавирусқа тапсырған анализіңіз оң нәтиже көрсетсе, ең алдымен үйде оқшаулану керек. Міндетті түрде маска тағу режимін сақтап, күніне үш рет термометрия жүргізу қажет. Сондай-ақ ол адамның жеке өзі қолданатын ыдысы, гигиеналық заттары болуы шарт. Бөлмені жиі желдетіп тұруы тиіс", - деді Сәуле Қисықова.
Оның айтуынша, науқастың дене қызуы 38 градустан жоғары болса, 500 миллиграмнан парацетамол және күніне бір рет 150 миллиграм аспирин қабылдау керек.
"Індет жұқтырғандар өздерін емдеумен айналыспай, бірден учаскелік дәрігермен байланысқа шығуы керек. Аумақтық тіркелу жеріне қарай жедел жәрдем немесе емхананың call-орталығына хабарлаған кезде не себепті хабарласқанын ескерту қажет", - деді ол.