Әлем • 17 Маусым, 2020

Израиль "өзін өзі тазалайтын" бетпердені ойлап тапты

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израиль зерттеушілері ыстықтан қорғайтын және қайта тазартып қолдануға болатын бетпердені ойлап тапқанын айтады. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Израиль "өзін өзі тазалайтын" бетпердені ойлап тапты

Бетпердеде қуат көзіне қосылатын USB порты бар және оның ішкі қабатын көміртек талшықтарымен 70°C-қа дейін қыздыруға болады. Сондықтан ол коронавирусты өлтіруге жеткілікті жоғары температураны бере алады.

"Пайдаланушыларға дезинфекция кезінде бетпердені киюге кеңес береміз, ол шамамен 30 минут аралығын қамтиды",  дейді Яэр Эйн-Эли Рейтер агенттігіне берген сұхбатында.

Эйн-Эли Израильдегі Технон университетінде зерттеу жүргізеді. Оған бұл ой бетперделерге деген сұраныс пен ұсыныстың артып келе жатқаны әсер еткен. Келесі кезекте ғалымдар Америка Құрама Штаттарында бетпердеге патент алып, оны коммерциялық жолмен сатуды жоспарлап отыр.