![Футболдан Чемпиондар лигасы жаңа форматта өтеді](/media/2020/06/17/futboldan-chempiondar-ligasy-dganha-formatta-otedi.jpg)
Нақтылап айтсақ, ол "Сегіздік финалы" форматында өтеді. Яғни, 1/8 финалда жеңіске жеткен командалар 12-23 тамыз аралығында Португалияның астанасы – Лиссабонда бас қосып, жарыс жеңімпазын анықтайды. Әзірге плей-офф додасының алғашқы кезеңінен сүрінбей өткен төрт клуб қана белгілі. Олар – Францияның "Пари Сен-Жермені", Италияның "Аталантасы", Мадридтің "Атлетикосы" және Германияның "Лейпцигі". Осы межеге жеткен қалған ұжымдар толықтай анықталғаннан кейін 10 шілдеде жеребе тарту рәсімі өтеді.