Төрткүл дүниені түгелдей дерлік жайлаған COVID-19 індеті қанша жерден алқымнан алғанымен әлемдік және елдік даму үдерісіндегі жаңғыруларға тұсау сала алмайтыны белгілі болып отыр. Қазіргі күнге дейін оның алдыңғы қатарында әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы өрелі өзгерістер тұрған болса, соңғы уақытта бұған қоса саяси-қоғамдық сипаттағы бетбұрыстар да көзге айқын көрінуде.

Атап айтқанда, Nur Otan партиясы бүгінгі уақыт пен замана тынысын дөп басып, алдына айқын да байыпты бағдар белгілеп отыр. Соның ішінде елдің көшбасшы саяси ұйымы өзге әріптестері мен қоғамдық институттарға үлгі-өнеге және бастамашылдық танытып, елдік мүдде мен елдік мәселелер төңірегінде ұтымды партиялық жобаларды қолға ала білгені – құптарлық іс. Партияның Ойыл ауданындағы Саяси кеңесі бюросының мүшесі, Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы Еркін Жиеналин өз-ой пікірін осы арнадан сабақтады.
Оның айтуынша, Батыстан бастау алған, бұдан кейінгі кезеңде АҚШ саясаткерлерінің демократиялық ұстанымдарына негізделген сайлау тәжірибесін жатсынудың қажеті жоқ. Тіпті Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл «Egemen Qazaqstan» газетінің 9 маусым күнгі нөмірінде жарияланған «Праймериз – пайым мен парасат өлшемі» деген мақаласында бұл – партияның әр өңірде өткізетін ішкі сайлауы деген ұғымды білдіретінін айта келіп, праймериз – халқымыздың байырғы дәстүрін жаңа форматта қайта түлету іспетті екенін атап көрсетіпті.
Әңгімені әрі қарай жалғасақ, әлем елдерінің саяси лексиконынан өз орнын тапқан праймериз терминін халқымыздың ойлау-түсінігіндегі ұғымға сайсақ, партияішілік іріктеу тәсілі болып шығады. Жаңа тәсіл партияішілік сайлаудың мазмұны мен түріне, бүгінгі тілмен айтқанда, оның форматына түбегейлі өзгерістер енгізілуіне әрі ең лайықты көшбасшыны сайлауға септігін тигізбек. Екіншіден, мұның өзі еліміздің саяси қондырғысына әлемдік тәжірибеде өзін өзі толығымен ақтаған жаңа технологиялар мен тәсілдердің енгізілу үрдісін таныта алады.
– Халықаралық деңгейдегі озық тәжірибенің бәрін бас-көзге қарамай қабылдай беретін болсақ, саяси сынақтан сүрініп кетуіміз де әбден мүмкін. Осы орайда Nur Otan партиясы праймериз тәсілінің тиімді тұстарын алдын ала ой таразысынан өткізгені партия мүшелері мен көпшілік тарапынан қолдау тапқаны – бір мерей. Тек содан кейін ғана өткен жылы партияішілік іріктеу тәсілі қанатқақты жоба режімінде ұйымдастырылды. Оның өңірдегі жиыны Ақтөбе облысы бойынша Мұғалжар ауданында өткізілді, – деді бұл туралы Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Тақталифум Есенғұлов.
Оның негізгі нәтижесі қандай болды деген мәселеге келсек, қанатқақты режім кезінде көптеген адам оған қатысуға ниет білдіргенін айтуға тиіспіз. Әрі осы арқылы нұротандықтардың қатарында жүргендердің арасында кімдердің көшбасшы болуға қабілетті екендігі де анықталды. Осылайша Ақтөбе аймағында праймериз өткізу қызу талқылау мен ашық пікірталастың өзегіне айналып сала берді. Тек содан кейін ғана партияның Саяси кеңесі мүшелерінің дауыс беруімен оның ережесі қабылданды.
Тағы бір атап өтерлік мәселе, алдағы уақытта Ақтөбе облысында партияішілік іріктеуге қатысуға ниет білдіргендерді арнайы әзірліктен өткізу мен оқыту ісі белгіленгені. Сонымен бірге саяси менеджмент мектебінің қызметін жолға қою, сайлаушылармен оңтайлы жұмыс жүргізе білу және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, әрі партияішілік мәселелерге қатысты өзге де сұрақтар бойынша онлайн-семинарлар өткізу көзделген.
Праймериздің түп-төркіні тұтастай елдік мүддемен тамырлас екендігі де дәлелдеуді қажет етпейді. Түйіп айтқанда, Nur Otan партиясы қолға алған тың тәсіл саяси ұйымды жаңғырту мен жұмысын одан әрі жетілдірудің бір тұтқасына айнала алатынына сенім білдіргіміз келеді. Осы арқылы еліміздегі жетекші партия демократия қағидаттарына адалдық танытып, саяси реформаны жүзеге асыру үстінде нақты да батыл қадам жасап отыр деуге толық негіз бар.
АҚТӨБЕ
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:39
Беларусьпен байланыстың бір белесі
Әлем • Бүгін, 08:37
Перзент сүймей адамның мейірі қанбас
Қоғам • Бүгін, 08:32
Қайырымды да батыл жандар құрмет төрінде
Қоғам • Бүгін, 08:31
«Сары аймақ» шектеулері өзгертілді
Аймақтар • Бүгін, 08:29
Қоғам • Бүгін, 08:28
Ұқсас жаңалықтар