Қоғам • 18 Маусым, 2020

Шомылу маусымында абайлаған абзал

436 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жаз мезгілі келе салысымен барлық өңірде суға шомылу мау­сымы басталады. Әсіресе ауа райы ыстық аймақтарда бұл тұрақ­ты үрдіске айналған. Алай­да қауіпсіздік шараларын сақ­тау – басты талап. Себебі қауіпсіздікті қа­да­ға­ламаудың соңы қасі­ретке ұрындыруы мүмкін. Жамбыл облысының аума­ғын­да 3 өзен, 100-ден ас­а су өткізу арнасы, 3 көл, 5 ірі су қоймасы және 102 ұсақ су қоймасы бар. Аталған су айдындарын­да шомылуға арналған 197 тыйым салу белгілері орнатылған.

Шомылу маусымында абайлаған абзал

Жамбыл облыстық төтен­ше жағдайлар департаменті Зіл­залалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қор­ғау сала­сын­дағы бақылау бас­қар­масы су­дағы қайғылы оқиға­лардың негізгі себептерінің бірі жаб­дық­талмаған жерлерде шомылу екенін ескертеді. Биыл өкі­­ніш­ке қарай, жыл басынан бері облыста 3 адам суға кеткен. Мәлімет бойынша 2 адам ба­лық аулау кезінде суға кетсе, 1 адам шомылу кезінде қайтыс бол­ған. Облыстағы су айдындарын­да адамдардың қауіпсіздігі үшін облыстық төтенше жағ­дай­лар департаментінің қыз­мет­­кер­лері жергілікті полиция қыз­метінің және ювеналды полиция өкілдерімен бірлесіп, күн сайын облыстың су айдындарында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Рейдтің нәтижесі көр­сет­кендей, тыйым салатын белгі­ге қарамастан, жасөспірімдер тобы жабдық­талмаған орындарда шомылуда. Жаз мезгілінен бас­тап су ай­дын­дарында, «Талас», «Аса» және «Шу» өзендерінде аза­мат­­тардың рұқсат етілмеген суға шомылу орындарына 95 рейд жүргізілген. Жүргізілген рейд­­те 13 тәртіп бұзушылық анық­­­­­тал­ған. Нәтижесінде, тәр­тіп бұзу­­­­­шыларға Қазақстан Рес­пуб­­­­ликасы Әкімшілік-құқық­ бұзу­­шы­лық туралы кодексінің 440-бабы бойынша 111 120 теңге айыппұл салынды. Сон­дай-ақ жаз мез­гілінде ең көп тарал­ған құ­­қық ­­бұзу­шылықтар жаб­дық­тал­ма­ған жерлерде шомылу, спирт­тік ішім­­­­діктерді ішу, от жағу, же­ке құт­қару құралдарынсыз жүзу құ­­­­рал­­­­дарын пайдалану екен. Об­­­­­­­­лыс­­­­тық Төтенше жағдайлар де­­­­­пар­­­­­­­­­таменті тарапынан рейд ба­­ры­­­­­­­­сын­да демалушылармен су ны­­­­­­сан­­­­­­дарындағы жүріс-тұрыс ере­­­­­­­же­­­лері туралы түсіндіру әңгі­ме­­­­­­лері жүр­гізіледі және азамат­тар­­­­­­ға су­да­ғы қауіпсіздік шарала­рын сақ­­тау қажеттілігі туралы ес­­­­­­­­­ке­р­­­­ту­­­­лер, сон­дай-ақ су қойма­ла­ры­­­­­­­­­ның жанында балаларды қа­рау­­­­­­­­сыз қал­дыр­мауға кеңестер беріледі.

Жалпы, рейдті суға түсу кезеңі аяқталғанға дейін өткізу жоспарлануда. «Рейд кезінде мамандар адамдар арасында суда қаза болу себептерін түсіндіріп, жаднамалар тарату арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Көбінесе балалар суда қайғылы жағдайға ұшырайды. Өйткені олар қауіпсіздік ережелерін мүл­дем сақтамайды және шомылу маусымын бірінші бастайды. Сонымен қатар  жасөспірімдердің ата-аналары, балаларының қайда кеткенін біле тұра ешқандай іс-шара қабылдамайды. Сондықтан да құтқарушылар кез келген тә­сіл­дермен ата-аналарға жасөс­пірімдерді қараусыз қалдырмау керектігін айтады», дейді Тараз қалалық Төтенше жағдайлар бас­қармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Әлиасқар Айтжанов.

1

Жалпы, жаз мезгілінде суға кету қаупімен қатар, өрттің де шығу ықтималдығы артады. Тілсіз жаудың тіршілікке тигі­зетін зияны көп. Алайда мұн­да да қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау басты талап. Деген­мен, мамандардың айтуынша, елімізде өрттің ең көп саны тұр­ғын үй секторында орын алады екен. Әдетте, олардың бар­лығы да электр сымдарында, жылыту құрылғыларында ақаудың болуына немесе оны абайсыз пайдалануға байланыс­ты шығады. Жыл басынан бері Тараз қаласында 74 өрт тіркелген. Өкініштісі, өрттің жар­тысынан көбі тұрғын үй секторында орын алған. Сол сияқты газға улану оқиғалары да бар. Өкінішке қа­рай улану салдарынан 1 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алған. Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Дархан Өскенбайұлының айтуынша, өрттің 40 пайыз жағ­дайы ішімдік ішу салдарынан туындайды екен. Сондай-ақ ол карантиндік шаралар аясында өрттің шығу қаупінің артатынын да айтты. «Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы бірқатар іс-шараларды, соның ішінде аула аралау, тұрғындармен кездесулерді, тұрғындардың әлеу­меттік әлсіз топтарының тұр­ғылықты жерлеріне рейдтерді және тағы да басқа шараларды атқаруда. Жыл басынан бері басқарма қызметкерлері 18 мыңнан астам аула аралау жұ­мыстарын жүргізді. Оған 54 мың­нан астам адам қамтылды. Қауіпсіздікті сақтау үшін қа­ла тұрғындары балаларды қарау­сыз қалдырмауы керек. Сон­дай-ақ тұрмыстық және басқа құрылғыларды пайдалану жөнін­дегі нұсқауларды орындауы тиіс», дейді ол.

Адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтау үшін рейд жұмыстарының жүргізілгені дұрыс-ақ. Бірақ бірінші кезекте әрбір адам өзінің қауіпсіздігін өзі қамтамасыз етуі керек. Жаз мау­сымы адамға жайлы, демалуға қолайлы мезгіл болғанымен де, өзіндік қауіп-қатері де бар. Мәселен, суға кету, өрт шығу сияқты қатерлі оқиғалар осы мезгілде орын алады. Сондықтан да әр адам өзінің өміріне өзі жауапкершілікпен қараса игі...

 

Жамбыл облысы