Жыл басында Қордай ауданында орын алған қақтығыс көпшілік назарын аударған оқиға болды. Жылдар бойы шиеленіскен жағдай шегіне жетіп, соңы қайғылы жағдайға алып келді. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жедел үн қатып, Үкіметтік комиссия құруға пәрмен беріп, аудандағы ахуалды реттеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар аймақтағы ахуалдың жіті назарда болатынын да айтты.

Аталған оқиға орын алған соң Президент Қордай ауданына арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен жүздескен-ді. «Болған қайғылы оқиға артта қалуы тиіс. Алдағы уақытта тату-тәтті, түсіністікте бірге өмір сүреміз. Біз бұдан сабақ алуымыз керек. Бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес», деген Президент сөзі де көптің көңіліне демеу болды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтік комиссия барлық нысанды қайта қалпына келтіріп, әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысатынын айтқан. Бүгінде Президент тарапынан берілген тапсырмалар тиісінше орындалуда. Жергілікті тұрғындарға әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Ең өкініштісі, Қордай қақтығысы кезінде адам шығыны да болды. 11 адам қаза тапты. Сонымен қатар ауданның Масанчи, Бұлар- батыр және Ауқатты ауылдарында жаппай төбелес салдарынан 65 нысан өртенді. Соның ішінде 39 тұрғын үй, 20 коммерциялық және 6 шаруашылық нысан бар. Сондай-ақ 47 жеңіл автокөлік, 9 жүк көлігі, 2 трактор және 4 тіркеме, барлығы 62 автокөлікке залал келген. Бір аудан үшін аз шығын емес. Бүгінгі таңда Қордайдағы қираған нысандар қайта қалпына келтірілуде. Түрлі деңгейде зардап шеккен 103 нысанның 71-і демеушілік, 32-сі өз қаражаты есебінен жөнделді. Аталған жұмыстар «Нұр-Ниет» қайырымдылық қорына түскен қаражат есебінен және кәсіпкерлердің көмегімен атқарылды. Алайда жанып кеткен 65 нысанның 11-і заңдастырылмаған болып шықты. Соның ішінде 8 нысанның құқық белгілеуші құжаттары жоқ болса, 3 нысан салынуы кезінде «қызыл сызық» нормаларын бұзған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты сметаны қайта есептеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, 54 жылжымайтын мүлік нысанын қалпына келтірудің жалпы құны 213 млн теңгені құраған. Нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге «Атырау ЖБИ-2005», «ДТА и К» және «Темирстрой» сияқты 3 мердігер компания бекітіліп, сәуір айының сонынан жұмысты бастап кетті. Қазір ауданда қарқынды құрылыс жүргізілуде. «Бүгінде 49 нысанда құрылыс жұмысы басталып, 6 үйдің құрылысы толық аяқталды. Құрылыс жұмыстарына бөлінген 213 млн теңгенің 50 млн теңгесі игерілді. Материалдық резервтен жеткілікті көлемде ағаш және профнастил таратылды. Тұрғын үйлері өрттен зардап шеккен 39 отбасына әлеуметтік көмек көрсетуге 20 млн 677,8 мың теңге облыстық шұғыл шығындарға арналған резервтен бөлінді. Жалпы, 36 отбасына 530,2 мың теңгеден барлығы 19087,2 мың теңге төленді», дейді аудан әкімі Рүстем Дәулет.
Бүгінгі таңда «Щивон» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылып, мұқтаж жандарға 103,9 млн теңгеге қаржылай көмек көрсетілген. Сонымен қатар қайтыс болған 1 азаматтың 960 мың теңге несиесі жабылып, адамдары қайтыс болған дүнген ұлтының отбасыларына 250 мың теңгеден жәрдем берілді. Ал аталған қоғамдық қордан бөлек, қаза тапқандардың отбасына дүнген этномәдени бірлестіктері, Сортөбе мен Қаракемер ауылының тұрғындары және Қордай ауданының кәсіпкерлері тарапынан да 4,7 млн теңгеге көмек көрсетілгенін айта кету керек. Президент тапсырмасының негізінде бүгінде Қордай ауданындағы қираған нысандар қайтадан қалпына келіп жатыр.
Шынында да Қордай оқиғасының қасіреті қара орман халыққа тегіс әсер етті. Әрине көпшіліктің ойынша өткеннен сабақ алу, қателікті қайталамау қажет. Қазақ халқы ежелден бейбітшілік пен татулықты қастерлеген халық. Сондықтан да ұлтымыздың ұлы абыройына сызат түспеуі тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы дүнген диаспорасының өкілдерімен кездескенде: «Сіздердің балаларыңыз қазақ тілін үйренуі керек. Сондай-ақ орыс тілі мен өзінің ана тілін де білуі қажет. Мемлекет сіздердің мәдениеттеріңіз бен дәстүрлеріңізді сақтап, дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеді», деген болатын. Бүгінгі таңда Президент айтқан жұмыстар жүргізілуде. Қазір Қордай ауданында қазақ тілін оқыту курстарының саны артты. Мұнда 565 тыңдаушы бар. Сонымен қатар жергілікті өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін тілдесу арқылы үйрету, ойын қазақша еркін жеткізе білуге жағдай жасау мақсатында «SOILE» клубы құрылды. Масанчи, Сортөбе, Бұларбатыр, Ауқатты, Бәйтерек және Қарасу ауылдарында ашық аспан астында «SOILE» клубы ашылып, жұмыс істеуде. Аталған ауылдарда клуб отырысы жазғы маусым кезінде ашық аспан астында апта сайын өтеді. Жыл соңына дейін қазақ тілін үйрету сабағына 1500 адамды қамту жоспарланған екен. Нәтижесінде, ауданда мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойын жеткізе алатын орта қалыптасады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та Қордай ауданына жұмыс сапары барысында Сортөбе ауылында болып, «SOILE» клубының кезекті отырысына қатысты. Әкім тыңдаушылармен сұхбаттасып, тіл адамның ең негізгі байлығының бірі екенін, сонымен қатар қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде қолдану керек екенін айтқан болатын. Қазір Қордайда тұрғындарға қазақ тілін үйрету жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жалпы, қордайлық өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы жоғары.
Қираған жөнделеді, сынған бүтінделеді. Бірақ осы оқиғадан кейін көптің көңілінде сан түрлі күпті ойдың да қалғаны шындық. Әрине, халыққа басу айтып, сабырға шақырған азаматтар да болды. Керісінше, патриот болып көрініп, оқиға есебінен өзінің ұпайын түгендегісі келгендер де табылды. Алайда Президент енді тұтас ұлт болып осындай теріс оқиғадан сабақ алуымыз керектігін айтты. Қақтығыс болған жерде ешқашан, ешқандай дамудың болмайтынын атап көрсетті. Сондықтан да мұндай жағдайдың қайталанбағаны абзал. Талайға кесірі тиген қақтығыстың салдарын жою мақсатында әлі күнге дейін тынымсыз жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудан, ауылдардағы ахуал бірқалыпты. Ұлттың абыройына нұқсан келтірмеу, ешкімге зиян тигізбеу басты мақсат болса керек. Мемлекет басшысының «Төл халқымыздың шынайы қасиеттері, болмысы қандай болуы керек? Бұл, ең алдымен, кеңшілік, жомарттық, жайсаңдық, жасампаздық деген сөз. Біз басқа ұлттарға, өзге едерге өнеге, үлгі көрсетуіміз керек. Қазақ халқы бейқам, жалқау, еріншек, оның қолынан ешқандай жұмыс келмейді деген жағымсыз әңгімелерді доғару қажет. Бірақ осындай теріс пікірлерді тоқтату үшін өзіміздің еңбекқорлығымызды көрсетуіміз керек», деген сөздері де барлық азаматтың санасында жүруі тиіс.
Жамбыл облысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 22:10
Аймақтар • Бүгін, 21:45
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • Бүгін, 20:50
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 20:32
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Бүгін, 20:10
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:05
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 19:36
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • Бүгін, 18:57
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • Бүгін, 18:41
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Бүгін, 18:35
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:33
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:27
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:24
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:21
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • Бүгін, 18:10
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Бүгін, 18:03
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:56
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Бүгін, 17:46
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:40
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • Бүгін, 17:29
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • Бүгін, 17:25
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 17:21
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Бүгін, 17:20
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Бүгін, 17:20
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Бүгін, 17:17
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Бүгін, 17:03
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 16:59
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • Бүгін, 16:56
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • Бүгін, 16:52
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Бүгін, 16:51
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Ұқсас жаңалықтар