Қоғам • 18 Маусым, 2020

«Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру мерзімі өзгерді

139 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республика­сының экономикасын жаң­­ғырту мәселелері жө­­ніндегі мемлекеттік комис­сия «Самұрық-Қа­­зына» АҚ активтерін же­кешелендірудің жаңа мер­зімдерін белгіледі. Атал­ған шешім әлемдік на­рықтағы ахуалға байланысты қа­былданған. Бұл туралы ке­ше «Самұрық-Қазына» қо­рының басқа­рушы директоры Алмасадам Сәтқалиев онлайн тәр­тіпте өткен бас­пасөз мәсли­хатында баяндады.

«Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру мерзімі өзгерді

«2015 жылы Үкімет бекіткен жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарында 167 компания қамтылған. Осы уақытқа дейін  «Самұрық-Қазына» қоры 137 активті жекешелендіру жұмыс­тарын аяқтады. Соның ішінде 84 активті 172 млрд теңгеге саттық. 53 актив таратылды немесе қайта құрылды. Қазір біздің қоржында  9 ірі актив және 21 ірі емес актив бар. Бүгінгі таңда пандемия ықпалынан инвестициялық нарыққа айтарлықтай әсер ететін капитал нарығында белгісіздік байқалып тұр. Мұндай жағдайда Қор активтерін жекешелендіру әділ құн тұрғысынан да, орналастыру мөлшері жағынан да қауіпті. Сондықтан біз Қордың жалғыз акционері – ел Үкіметіне 2016-2020 жылдарға арналған же­кешелендіру жоспарында көз­делген мерзімдерді өзгертуді ұсын­дық. Біздің бастамамыз то­лықтай қолдау тапты», деді А.Сәт­қалиев.

Осылайша, 2021 жылы «Қаз­пошта» АҚ және «Самұрық-Энер­го» АҚ стратегиялық инвес­­торға сатылады. 2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Эйр Астана» АҚ IPO-ға шығары­лады, «Тау-Кен Самұрық» АҚ және «Qazaq Air» АҚ жекеше­лендіріледі. 2023 жылы «Қазақстан Темір Жолы»  ҰК»  АҚ-ны IPO-ға шығару жоспарланып отыр.

Осы жылы  Қор «Қазақте­ле­­­ком» акцияларының 10%-ын «Бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қоры» АҚ-на сатпақ. А.Сәтқалиевтің айтуынша, бұл мемлекеттің стратегиялық салада қатысуын сақтап қана қоймай, салымшылардың қаражатына кепілдік береді.

– Бүгінде біз «Самұрық-Қа­зына» АҚ компаниясының бар­лық мүдделі тараптары үшін ұзақмерзімді жеңілдіктерді ұл­ғайтуға негізделген Қазақстан хал­қы мүдделеріне негізделген активтерді жекешелендіру бо­йын­ша кешенді жұмыстарды жал­ғастырып келеміз. Мемле­кеттік комиссия отырысын­да «Қазақтелеком» акцияларының 10%-ын Қазақстан Республика­сының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сату туралы шешім қабылданды. Қазіргі экономикалық жағдайда біз телекоммуникациялар нарығы, IT-қызметтер нарығының қыз­меттерді тұтыну көлемінің артуына ие салалардың бірі екен­дігіне назар аудардық. Яғни бұл – интернеттегі қызмет көр­сету көлемінің артуы, онлайн- қызметтерді қосу инвесторлар үшін тартымды бола түсуде. Бі­ріншіден, «Қазақтелеком» стра­тегиялық нысан болса, екіншіден,  бағаланбаған активтер. Аталған стратегиялық активті мемлекеттік бақылауды сақтай отырып, кірісті барынша көбейту жөнінде шешім қабылдадық. Сатып алушылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын жасады. Біз бұл операцияны жүзеге асыру үшін Үкіметтің де, Ұлттық банктің де қолдауын алдық. Қазіргі уақытта біз Ұлттық банкпен транзакцияның форматы туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз, – деді ол.

Қордың 21 ірі емес активі бо­йынша іс-шаралар 2023 жылға дейін аяқталатын болады. Со­ны­мен қа­тар А.Сәтқалиев атап өткендей, олардың әрқайсысы бо­йынша шешім тек экономика­лық прагматизм тұрғысынан ғана қа­был­данады.

Сонымен қатар А.Сәтқалиев биылғы маусым айының басында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қазатомөнеркәсіптің бұрын орналастырылған акцияларына қолайлы сұранысты пайдалана отырып, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының акциялары мен жаһандық депозитарлық қол­хаттарын қосымша орналастыру процесін аяқтады. Оларды Лондон қор биржасында (LSE) және Астана халықаралық қаржы орталығының биржасында (AIХ) орналастыру қорытындысы бо­йынша компания акцияларына инвесторлар тарапынан сұраныс ұсыныстан 2,9 есе асып түсті.

Осылайша, компания акция­ларының 6,28%-ы  211 млн АҚШ доллары немесе 85 млрд теңгеге  сатылды. АХҚО биржа алаңында барлығы 69,7 млн АҚШ долларына  53,4% қазақстандық  және  46,6% шетелдік инвесторлардан өтінімдер келіп түсті 

– Біз «Қазатомөнеркәсіпті» жекешелендіруге Бірыңғай жи­нақ­таушы зейнетақы қорының қатысуын құптадық. БЖЗҚ на­рықтық капиталдандыруды ұл­ғайту мүмкіндігімен тұрақты ди­­видендтер төлейтін сапалы ак­­­тивке ие болды. Бірыңғай жи­­­­нақ­таушы зейнетақы қоры «Қаз­атомөнеркәсіп» ІРО арқа­сын­да 32 млрд теңге пайда көрді, – деп атап өтті А. Сәтқалиев.